-
Қарағанды облысында ұрланған 45 жылқы тиелген жүк көлігі ұсталды
Қарағанды облысында блок-бекетте полицейлер ұрланған 45 жылқы тиелген жүк көлігін тоқтатты. Тексеру кезінде 27 жылқының иесі анықталды. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
10.11.2025
-
Маңғыстау облысында мектептерге шабуыл жасалғаны рас па?
Мессенджерлерде тараған «мектептерге қарулы шабуыл жоспарланып жатыр» деген хабарламалар шындыққа жанаспайды. Бұл туралы облыстық Полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
10.11.2025
-
Петропавлда ұялы телефон сататын бутик пен ломбард өртеніп кетті
Петропавл қаласында орталық базар маңында орналасқан бутик пен ломбард өртке оранды. Оқиға бүгін күндіз сағат шамамен 12:00 кезінде болған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
07.11.2025
-
Тоқаевтың АҚШ-қа сапары: әлемдік БАҚ Вашингтондағы кездесуді кеңінен талқылап жатыр
Қасым-Жомарт Тоқаевтың АҚШ-қа сапары мен Дональд Трамппен кездесуі әлемдік БАҚ назарында. Қазақстанның Авраам келісімдеріне қосылуы – өңірлік бейбітшілік пен ынтымақтастық жолындағы маңызды қадам ретінде бағаланды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
07.11.2025
-
Қазақстан Авраам келісімдеріне қосылды – СІМ ресми мәлімдеме жасады
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі еліміздің Авраам келісімдеріне қосылғанын мәлімдейді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
07.11.2025
-
Маңғыстаулық студент BRICS елдері арасындағы үздік деректер талдаушыларының қатарына енді
Қытайда өткен BRICS National Vocational Skills Championships халықаралық кәсіби шеберлік чемпионатында қазақстандық студент цифрлық технологиялар саласында жоғары нәтиже көрсетіп, қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
07.11.2025
-
"Мықты болсаңдар, бірге істейік": қар тазаламағаны үшін айыппұл алған Талғар әкімі мәлімдеме жасады
Талғар әкімі Арыстанбек Әбілқайырұлы жолдарды уақытылы қар мен мұздан тазаламағаны үшін айыппұл арқалады. Ол тұрғындардың шағымына жауап беріп, жағдайды түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
07.11.2025
-
104 миллион теңгені иемденген Мәдениет министрлігінің шенеунігі сотталды
Кассациялық сот мемлекеттік сатып алуға байланысты 104 миллион теңге бюджет қаржысын жымқыру ісі бойынша шығарылған үкімді күшінде қалдырды, деп хабарлайды BAQ.KZ Кассациялық соттың дерегіне сүйеніп.
07.11.2025
-
Депутат Құспеков: Жеке тұлғаларға арналған лизинг – жаңа автонесиенің басқа атауы ғана
Мәжіліс депутаты Олжас Құспеков үкіметті жеке тұлғаларға арналған лизингті жаңа автонесиеге айналдырмақ болды деп сынға алды. Оның айтуынша, 45% қымбаттау бастаманың мәнін бұрмалап, халыққа емес, банктерге тиімді шешімге айналып барады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
06.11.2025
-
Астанада мас ер адам лифт шахтасына құлап, тағы бір тұрғын ішінде қысылып қалды
Астанадағы тұрғын үй кешенінде мас ер адам жарамсыз лифт шахтасына құлап, тағы бір тұрғын лифт ішінде қысылып қалды. Құтқарушылар екеуін де аман алып шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
06.11.2025
-
Ақмола облысында науқас аурухана терезесінен секіріп кетті
Ақмола облысындағы Аршалы аудандық ауруханасында төтенше жағдай болды. 5 қарашадан 6 қарашаға қараған түні науқастардың бірі үшінші қабаттың терезесінен секіріп, қаза тапты. Ол 52 жастағы Теміртау тұрғыны болған және психиатрдың есебінде тұрған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
06.11.2025
-
Әлемде: Филиппиндегі тайфун, АҚШ-тағы саяси дағдарыс пен Еуропадағы экономикалық өзгерістер
Филиппинде тайфун 100-ден астам адамның өмірін қиды, АҚШ-та үкімет жабылу алдында, Еуропада экономикалық дағдарыс күшейді. Әлемде соңғы тәулікте болған ең өзекті оқиғалар мен маңызды жаңалықтардың толық дайджесті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
06.11.2025
-
Несие алып, қарызға батқан: "көріпкелге" сенген әйел 4,5 миллион теңгесінен айырылды
Петропавл тұрғыны «көріпкел арқылы тағдырын емдетемін» деп ойлап, қарызға батып, алаяқтың арбауына түсті. Әйел танысына сеніп, цыған «Баба Катяға» деп 4,5 миллион теңгеге жуық ақша аударған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Qazaqstan Media-ға сілтеме жасап.
06.11.2025
-
Мұғалім "аурумын" деп 1 жылға демалыс алып, екі аспаздық шоудың жұлдызына айналды
Мұғалім ұзақ уақыттық ауру демалысында жүрген кезінде телебағдарламаға қатысып, дау тудырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Daily Star басылымына сілтеме жасап.
05.11.2025
-
Өскемендегі перзентхананың терезесінен сирек кездесетін үкі көрінді
Өскемендегі Ана мен бала орталығының терезесінен сирек кездесетін сұр үкі көрінді. Табиғаттың тосын сыйы перзентхана қызметкерлері мен аналарды таңғалдырды. Бұл құс қалада өте сирек кездеседі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
05.11.2025
-
Қарттар үйінде өрт шығып, 10 адам тірідей жанып кетті
Қарттар үйінде кешкі уақытта өрт шығып, 10 адам қаза тапты, 20-ға жуық адам жарақат алды. Өрттің шығу себебі электр сымдарының ақауынан болуы мүмкін. Тергеу басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Еuronews басылымына сілтеме жасап.
05.11.2025
-
ШҚО-дағы жол апатына қатысты тың деректер: қаза тапқандар заңсыз таксидің жолаушылары болған
Кеше Шығыс Қазақстан облысында жол апатынан қаза тапқан бес адамның заңсыз таксидің жолаушылары болғаны анықталды. Toyota Estima көлігі Өскемен – Риддер автожолының 48-шақырымында ЗИЛ жүк көлігіне соғылған. Бір адам жараланды. Ал жүк көлігінің жүргізушісі жолда ақау шыққандықтан, апат кезінде кабинада болмаған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
05.11.2025
-
Қостанайдағы қанды қылмыс: әйелін және енесін аяусыз өлтірген ер адамға сот үкімі шықты
Қостанай облысында 45 жастағы ер адам әйелін және оның анасын пышақтап өлтіргені үшін 19 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол қылмыстан кейін өз-өзіне қол жұмсамақ болған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
05.11.2025
-
Түркістан облысындағы қанды атыс: бетперде киген қарулы адамдар 17 жастағы бозбаланы атып өлтірді
Түркістан облысының Түлкібас ауданындағы шағын Көктерек ауылында қарулы қақтығыс болып, 17 жастағы жасөспірім қаза тапты. Тағы үш адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Полиция күдіктілердің бірін ұстады, екіншісі іздестірілуде. Оқиға жергілікті тұрғындар үшін үлкен дүрбелеңге айналып, қазір ауыл халқы кешкі уақытта сыртқа шығудан қорқып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
05.11.2025
-
Дэвид Бекхэм рыцарь атанды: Король Чарльз III футбол аңызын марапаттады
Англия құрамасының бұрынғы капитаны Дэвид Бекхэм футболды дамытуға қосқан зор үлесі мен британ қоғамы алдындағы еңбегі үшін ресми түрде рыцарь атағын алды. Футбол аңызын король Чарльз III марапаттады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі BBC-ге сілтеме жасап.
05.11.2025