-
Питер Фостер "Эйр Астанадан" кетеді: компанияның жаңа басшысы белгілі болды
Air Astana әуе компаниясының бас директоры Питер Фостер 20 жылдан кейін қызметінен кетеді. Оның орнына қаржы жөніндегі директор Ибрахим Жанлыел тағайындалады. Фостер директорлар кеңесіне аға кеңесші болып қалады. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
08.10.2025
-
Қар мен жаңбыр: Қазақстанның екі өңірінде ауа райы күрт бұзылады
«Қазгидромет» РМК синоптиктері алдағы 3 күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды. Қазақстанның батысы мен солтүстігінде ауа райы күрт бұзылады. Болжам бойынша 9-11 қазан аралығында кей өңірлерде жаңбыр мен қар жауып, жел күшейеді. Шығыста және орталықта тұман, ал оңтүстікте шаңды дауыл күтіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
08.10.2025
-
Аида Балаева Астанада үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесті
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Астанада үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында азаматтық қоғамды дамыту, мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары және мемлекет пен үшінші сектор арасындағы ынтымақтастықты нығайту шаралары талқыланды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
08.10.2025
-
Мұғалім оқушы қызға жасаған азғындық әрекеті үшін 12 жылға қамауға алынды
Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында кәмелетке толмаған балаға қатысты азғындық жасады деп айыпталған педагогқа үкім шығарылды. Ол 12 жыл 6 ай бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
08.10.2025
-
Дастан Сәтбаев ауыр жарақатпен матчқа шыққан – Ордабаев оқиғаның мән-жайын ашты
«Қайрат» футбол клубының ардагері Құралбек Ордабаев Дастан Сәтбаевтың Қазақстан ұлттық құрамасына шақырылуына байланысты туындаған жағдайға түсініктеме берді. Бұл туралы ол футбол клубының Instagram-дағы парақшасында жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
07.10.2025
-
Коммуналдық тарифтер қымбаттай ма? – Ресми жауап берілді
Астанадағы Табиғи монополияларды реттеу департаменті басшысының орынбасары Мәжжан Қуанышбек бүгін қала тұрғындарымен өткен онлайн-кездесу барысында олардың сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
07.10.2025
-
Тоқаев Путинмен сөйлесті
Мемлекет басшысы Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
07.10.2025
-
Жолаушылар шағымы көбейген: Астана мен Алматы әуежайлары тексеріледі
Қазақстанда Астана және Алматы әуежайларында рейстердің уақытылы орындалуы мен әуе жолаушыларының құқықтарын қорғауға бағытталған бақылау күшейтіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Көлік министрлігіне сілтеме жасап.
07.10.2025
-
"Маған кескен ұнайды": гинеколог 100-ден астам әйелдің жатырын себепсіз алып тастаған
Ұлыбританияда дәрігер-гинеколог Дэниел Хэй әйелдердің жатырын медициналық тұрғыдан қажет болмаған жағдайларда да алып тастағаны үшін тергеуге алынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Daily Mail-ге сілтеме жасап.
07.10.2025
-
Маңғыстаудағы жол апаты: 10 адамның өліміне себеп болған жүргізуші қамалды
Маңғыстау облысында 10 адамның өмірін қиған жол апатына себепкер болған жүргізуші ауруханадан шыққан соң қамауға алынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.
07.10.2025
-
Әлемде: Тбилисидегі шабуыл, Ирандағы хиджаб еркіндігі және Еуропадағы ереуілдер
Соңғы тәулікте әлемде болған ең маңызды оқиғалар: Тбилисидегі қарулы шабуыл, Иран әйелдеріне хиджабсыз жүруге рұқсат, Франциядағы ереуілдер, Буркина-Фасода билік дауы және Украинадағы жаңа соққылар. Әлем назарындағы өзекті жаңалықтар бір материалда, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
07.10.2025
-
Қазақстандағы ірі есірткі сатушылардан жүздеген грамм мефедрон тәркіленді
Қазақстанның бірнеше өңірінде синтетикалық есірткіге қарсы күрес күшейіп келеді. «Қарасора-2025» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Жетісу және Шымкент қалаларында бірқатар заңбұзушылықтың жолы кесілді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
07.10.2025
-
Қазақстандықтар Ақтаудан Дубайға тікелей әуе рейсімен ұша алады
Қазақстандық лоукостер FlyArystan Ақтаудан Дубайға жаңа тікелей әуе рейсін іске қосатынын хабарлады, деп жазады BAQ.KZ әуе компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл бағыт қазақстандық саяхатшылар үшін қарқынды дамып келе жатқан жарқын қаланы тамашалауға тамаша мүмкіндік болмақ.
06.10.2025
-
"Құлагер" хоккей командасының басшысы Сергей Филь ұсталды
Солтүстік Қазақстанда "Құлагер" хоккей командасының басшысы Сергей Филь алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды. Тергеу дерегінше, ол шетелдік хоккейшілерден құжат рәсімдеу үшін ақша жинаған. Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторында, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
06.10.2025
-
Қазақстанның шығысында күн күрт суытып, ауа температурасы –13°С-қа дейін төмендейді
Қазақстанның шығысында алдағы күндері күн суытады. Синоптиктердің болжамынша, түнде ауа температурасы –13 градусқа дейін төмендейді. Елдің солтүстігі мен шығысында жаңбыр мен қар күтіледі, ал оңтүстікте шаңды дауыл соғады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
06.10.2025
-
Ішімдік пен есірткіге мас күйде көлік жүргізген прокурор лауазымынан айырылып, қамалды
Өскеменде прокурор мас күйінде көлік айдап, жол апатын жасағаннан кейін қызметінен босатылды. Оның қанынан алкоголь мен марихуана табылған. Сот шешімімен 20 тәулікке қамауға алынып, 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
06.10.2025
-
Жұлдызды сый: Дима Билан ерекше балаларға арналған алаң салып берді
Продюсер Яна Рудковская мен әнші Дима Билан Алтай өлкесіндегі ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған алғашқы ойын алаңының құрылысына демеушілік етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Рудковская өзінің Telegram-арнасында жазды.
06.10.2025
-
Қарағандыдағы резонансты іс: қыздың мәйітімен бірге табылған полицей комадан шықты
Қарағандыда дәрігерлер опорлық пунктте ес-түссіз күйде, қасында көз жұмған қызбен бірге табылған учаскелік полиция инспекторын ауыр халден шығарып алды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі “Патриот” Telegram-арнасына сілтеме жасап.
06.10.2025
-
Блогер туған күнінде болашақ күйеуімен бірге жол апатынан қаза тапты
Ол 29 жасқа толған туған күнінде күйеу жігітімен және досымен бірге жол апатынан көз жұмды. Қайғылы оқиғаның мән-жайы мен апат себептері анықталуда, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Diário de Pernambuco басылымына сілтеме жасап.
03.10.2025
-
Алматыдағы тергеу изоляторында қамаудағы судья қайтыс болды
Алматы қамау изоляторында пара алды деген күдікпен отырған судья Дастан Слямкулов қайтыс болды. Бұл туралы журналист Михаил Казачков өзінің телеграм-арнасында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
03.10.2025