-
21 жастағы қыз өлімі: Шымкент полициясына қатысты қызметтік тексеру тағайындалды
Шымкент қаласында қыздың өліміне қатысты қылмыстық істің тергеу барысы Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің бақылауында. Полиция қызметкерлерінің әрекетіне қызметтік тексеру басталды, күдікті қамауға алынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
16.01.2026
-
Туған әкесін аяусыз ұрып-соққан ер адам 5 жылға қамалды
Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Қоссейіт ауылында тұратын 41 жастағы Алмас Садақбаев қарт әкесіне қатысты қатыгездік көрсетіп, оны қорлағаны үшін, сондай-ақ дәрменсіз күйде болған ата-анасына орташа ауырлықтағы қасақана дене жарақатын келтіргені үшін кінәлі деп танылды. Ол 5 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
16.01.2026
-
КТК-дағы шектеулер: Қазақстан 300 мың тонна мұнайды балама бағыттарға жіберді
2025 жылғы желтоқсанда Каспий құбыр консорциумы (КТК) жүйесіндегі шектеулерге байланысты Қазақстан шамамен 300 мың тонна мұнайды өзге экспорттық бағыттарға қайта бағыттады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
16.01.2026
-
Астанада шөбересін зорлаған 82 жастағы ер адам 20 жылға сотталды
Астана қаласының соты 82 жастағы ер адамды жеті жастағы шөбересіне қатысты жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасағаны үшін 20 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі "Жетінші арнаға" сілтеме жасап.
16.01.2026
-
Қызмет үстінде қаза: Ақтауда әскери қызметкерді КамАЗ қағып өлтірді
Ақтауда әскери полигоннан қайтып келе жатқан бөлімше құрамындағы келісімшартпен қызмет ететін әскери қызметкерді қызметтік КамАЗ қағып өлтірді. Қайғылы оқиға 14 қаңтарда қолайсыз ауа райы жағдайында болған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
15.01.2026
-
Дәмді әрі арзан: Демалыс күндері Астанада фермерлік жәрмеңке өтеді
17-18 қаңтар күндері Астана қаласында қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Жергілікті фермерлердің ет, сүт, көкөніс, жеміс-жидек және өзге де өнімдері тұрғындарға тиімді бағамен ұсынылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
15.01.2026
-
-30 градус аяз, тұман мен көктайғақ: Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
"Қазгидромет" РМК синоптиктері 16, 17 және 18 қаңтарға арналған Астана мен Алматы қалаларындағы ауа райы болжамын ұсынды. Елордада -30 градусқа дейін аяз күтілсе, Алматыда қар, тұман және көктайғақ сақталады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
15.01.2026
-
Сауда орталығында зейнеткерге "қызы" 5 млн теңгеге несие алғызбақ болды
Жетісу облысында полицейлер зейнеткер әйелді алаяқтардың құрбаны болудан сақтап қалды. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері ірі сауда орталықтарының бірінде күдікті жағдайды дер кезінде байқап, қылмыстың алдын алды, деп жазады BAQ.KZ.
15.01.2026
-
Әлемде: Трамптың қатаң мәлімдемесі, Ирандағы шиеленіс және АҚШ-тың жаңа шектеулері
АҚШ президенті Дональд Трамптың Гренландияға қатысты қатаң мәлімдемесі, Иран маңындағы әскери қауіп, Арменияның ЕАЭО мен ЕО арасындағы таңдауы, Иранда Starlink арқылы интернеттің іске қосылуы және АҚШ-тың 75 елге визалық шектеу енгізуі. BAQ.KZ тілшісі әлемдегі басты жаңалықтар дайджестін назарларыңызға ұсынады.
15.01.2026
-
Иран әуе кеңістігінің жабылуына байланысты Қазақстан рейстердің бағыттарын өзгертті
Air Astana әуе компаниясы Иран әуе кеңістігінің жабылуына байланысты бірқатар тұрақты және чартерлік рейстердің бағыттары өзгертілгенін хабарлады, деп жазады BAQ.KZ.
15.01.2026
-
Ақмолада полицей жолда қалған жүргізушіні үйіне қондырды
Ақмола облысы Полиция департаментінің Instagram-дағы ресми парақшасына Көкшетау қаласының тұрғынынан полиция қызметкеріне алғыс білдірілген хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
14.01.2026
-
Депутат Үкіметтен сәбіз экспортына шектеудің негізін түсіндіруді талап етті
Мәжіліс депутаты Талғат Қырықбаев ауыл шаруашылығы өнімдерін, оның ішінде сәбізді экспорттауға шектеу енгізу туралы ұсынысқа қатысты Үкіметке депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
14.01.2026
-
Қатты аяз кезінде Теміртау тұрғындары жылусыз қалды
Теміртау қаласында бірнеше шағынаудан тұрғындары ең суық кезеңде жылу мен ыстық сусыз қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
14.01.2026
-
Мектеп партасынан әскери сапқа: 12 сыныптас Ұлттық ұланда бірге қызмет етуде
Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланы 6506 әскери бөлімінің оқу пунктіне жаңа толықтырым келгенде ерекше әрі сирек жағдай анықталды – 12 жас сарбаз бұрынғы сыныптастар болып шықты. Барлығы Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Үмбетәлі Кәрібаев атындағы орта мектепті бірге тәмамдап, қазір қатарласып қырағылыққа және әскери қызметке дайындалуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.
14.01.2026
-
Қазақстан Үкіметі бюджеттен 240 млрд теңге бөледі: Қаржы қай салаға жұмсалады?
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел аумағын геологиялық тұрғыда заманауи әдістермен зерттеу аясын кеңейту жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде биыл Қазақстан Үкіметі жер қойнауын анағұрлым егжей-тегжейлі масштабта зерттеудің жаңа кезеңін бастайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
14.01.2026
-
Астанада оқушылар түстен кейін де онлайн оқиды
Астана қаласында 14 қаңтарда ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары онлайн оқиды. Бұл туралы қалалық Білім басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
14.01.2026
-
Жұп сүйікті итін құтқару үшін тойын кейінге қалдырды
Олар сүйікті итін емдету үшін үйлену тойын кейінге қалдыруға мәжбүр болды, деп хабарлайды BAQ.KZ Daily Mail басылымына сілтеме жасап.
13.01.2026
-
Мектептегі жанжал өліммен аяқталды: сот 9-сынып оқушысына үкім шығарды
Жамбыл облысында мектеп оқушылары арасындағы жанжалдан кейін бір жасөспірім қаза тапқан іс бойынша сот үкімі шықты. 9-сынып оқушысы 6 жыл 8 айға сотталып, жәбірленуші тарапқа 10 млн теңге моральдық өтемақы өндірілді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
13.01.2026
-
Алматыда Air Astana рейстері кешіктірілуде
Алматы қаласынан ұшатын Air Astana әуе компаниясының кешкі рейстері қолайсыз метеожағдайларға байланысты кешіктіріліп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
13.01.2026
-
"Ол сталкер болды": Шымкентте қаза тапқан қыздың ағасы күдіктіге ең ауыр жаза сұрады
2026 жылғы 11 қаңтарда Шымкентте пышақ жарақатынан қаза тапқан қыздың туған ағасы әлеуметтік желіде мәлімдеме жариялап, болған оқиғаға қатысты отбасының ұстанымын жеткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
13.01.2026