-
Электросамокаттар көлікке теңестіріледі: Жаңа ереже не береді, не шектейді?
тан қалаларында электросамокатқа міну күнделікті көрініске айналды. Бірі оны кептелістен құтқаратын ыңғайлы көлік деп санаса, енді бірі жаяу жүргінші үшін қауіпті құралға айналды. Соңғы жылдары жол-көлік оқиғаларының артуы, тәртіпсіздік пен жауапсыздық қоғамда қызу талқыланып келеді. Осыған байланысты 2026 жылғы 1 шілдеден бастап электросамокаттарды пайдалану тәртібі өзгереді. Жаңа нормалар не үшін қажет, нақты не өзгереді және бұрынғы қандай ережелер сақталады? BAQ.KZ тілшісі зерттеп көрді.
09.02.2026
-
Алдағы екі күнде ауа райы қалай өзгереді?
Казгидромет алдағы екі күнге болжам жасады. Синоптиктердің болжамынша, Қазақстанның басым бөлігінде батыстан жылжыған циклон мен атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын күтіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
09.02.2026
-
Ауылдан шыққан бренд: Қазақстанда ет пен сүт өндірісін кімдер дамытып жатыр?
Қазақстанда ет пен сүт өндірісі соңғы жылдары тек ішкі нарықты қамтамасыз етумен шектелмей, экспортқа бағытталған салалардың біріне айналып келеді. Мемлекеттік қолдау, өндірістік қуаттың артуы және кәсіпкерлердің жаңа көзқарасы ауыл шаруашылығында бренд қалыптастыру мәселесін алдыңғы қатарға шығарды. Алайда саладағы нақты ахуал көрсеткендей, өнім көлемін арттыру - бір бөлек, ал оны тұрақты нарыққа айналдыру - мүлде өзге мәселе. BAQ.KZ тілшісі саладағы ахуал мен бренд қалыптастыру жолындағы кедергілерді саралап көрді.
09.02.2026
-
Иран СІМ басшысы: Соғыс болса да, ядролық бағдарламадан бас тартпаймыз
АҚШ-пен Оман сұлтандығында өткен келіссөздердің кезекті кезеңінен екі күн өткен соң Иранның Сыртқы істер министрі Аббас Арагчи қатаң мәлімдеме жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі BILD-ке сілтеме жасап.
09.02.2026
-
Апта қорытындысы: Әке мәртебесі мен қылмыстық жауапкершілік
Осы аптада орын алған қылмыстық оқиғалар мен отбасындағы әкенің орны туралы “Қылмыс” бағдарламасының кезекті шығарылымында сөз болды.
08.02.2026
-
2026 жылы табысты қалай дұрыс декларациялау керек?
2026 жылдан бастап Қазақстанда жеке табысты декларациялау тәртібі бұрынғыдан да өзекті бола түсті. Мемлекет қаржылық ашықтықты арттыру мақсатында азаматтардан табыс көздерін заңды түрде көрсетуін талап етіп отыр. Бұл – тек бақылау емес, салық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған қадам, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
06.02.2026
-
АҚШ пен Иран арасындағы келіссөз: Қос тарап қандай пайда көреді?
Бүгін Тегеран мен Вашингтон арасындағы шиеленістің жаңа кезеңі және АҚШ-тың өңірдегі әскери қатысуының күшеюі аясында екіжақты кездесу өтіп жатыр. Келіссөз АҚШ өкілдерінің кешігіп келуіне байланысты 1,5 сағатқа кеш басталған. Ирантанушы Жәнібек Көпжасар бұл кездесуден Иран не ұтатынының былайша болжайды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
06.02.2026
-
Президент сынынан кейін Шымкент полициясына жаңа басшы келді
Шымкентте соңғы кезде болған қанды оқиғалардан кейін Мемлекет басшысы министрлікке қатаң сын айтқан еді. Одан кейін қаладағы полиция жұмысына жан-жақты қызметтік тексеріс жүргізілді. Нәтижесінде қалалық полиция департаментіне жаңа басшы тағайындалып, бірқатар жетекші қызметкерлер қызметтен босатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
05.02.2026
-
Енді алимент төлеуден жалтарған такси жүргізушілері ұсталады
Алматы қаласында алимент төлеуден қасақана жалтарып жүрген азаматтарды анықтауға бағытталған жаңа тетік іске қосылмақ. Бұл ретте Алматы қаласының прокуратурасы мен Yandex Qazaqstan арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
05.02.2026
-
Қысқы Олимпиада: Бөлінген миллиардтар жүлдеге жеткізе ме?
6 ақпан күні Италияда Қысқы Олимпиада ойындары басталады. Аталған дүбірлі додада Қазақстан құрамасы 10 спорт түрінен 36 спортшымен медаль үшін бақ сынайды. Бұған дейін Үкімет отырысында Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Олимпиадаға дайындық жұмыстарына мемлекет тарапынан 13,3 млрд теңге бөлінгенін мәлімдеген болатын. Осыған байланысты BAQ.KZ тілшісі экономистер мен спорт сарапшыларынан аталған қаржының тиімділігі мен күтілетін нәтижелер жайлы пікір сұрады.
05.02.2026
-
Трамптың Бейбітшілік кеңесі: Қазақстан үшін пайдасы мен тәуекелі қандай?
Дональд Трамптың Бейбітшілік кеңесін құру жөніндегі бастамасы соңғы айларда сыртқы саясаттағы ең көп талқыланған идеялардың біріне айналды. Бұл бастама Қазақстанды баламалы келіссөз тетіктерін қалыптастыруға тартылған елдердің қатарына қосты. Сарапшылардың айтуынша, Қазақстан үшін бұл - символдық қадам да, идеологиялық таңдау да емес, жаһандық институттар дағдарысқа ұшыраған кезеңдегі прагматикалық құрал. Толығырақ BAQ.KZ тілшісінің материалында.
05.02.2026
-
Жамбыл облысында мақсатсыз пайдаланылған 275 гектар жер мемлекетке қайтарылды
Жамбыл облысында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің пайдаланылуына қатысты жоспардан тыс бақылау жүргізілді. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты Жер ресурстарын басқару комитетінің Жамбыл облысы бойынша жер ресурстарын басқару департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
05.02.2026
-
Автобус, теміржол, порт: Исламабадтағы 24 сағат Қазақстан экономикасын қалай өзгертеді?
Қазақстан мен Пәкістан арасындағы қарым-қатынас соңғы жылдары декларация деңгейінен шығып, нақты экономикалық есепке құрылған серіктестікке айнала бастады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шариф арасында Исламабадта өткен келіссөздер еліміз үшін қандай өзгерістерді алып келеді деген сауалға экономист Айбар Олжай пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
05.02.2026
-
Еліміздегі ескі үйлер қашан жойылатыны белгілі болды
Қазіргі таңда ел аумағында шамамен 59 мың көппәтерлі тұрғын үй бар. Оның басым бөлігі, яғни 63 пайыздан астамы қанағаттанарлық жағдайда болғанымен, тозған үйлер мәселесі әлі де өзекті. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін 2026-2028 жылдары 363 тұрғын үйді күрделі жөндеуге 20,7 млрд теңге бөлінуі көзделіп отыр. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
04.02.2026
-
Балалар тісін жеке емханаларда тегін емдете алады
Қазақстанда балалардың стоматологиялық көмекті тегін алуына заңмен кепілдік берілген. Бұл мүмкіндік МӘМС жүйесі арқылы жүзеге асады. Көптеген ата-ана тегін тіс емдеу тек мемлекеттік стоматологияларда ғана қолжетімді деп ойлайды. Алайда жеке тіс емханалары да балаларға тегін қызмет көрсете алады. BAQ.KZ тілшісі осы тетіктің қалай жұмыс істейтінін және ата-ана нені білуі керегін анықтап көрді.
04.02.2026
-
Тегін кітап оқимын деп алданып қалмаңыз: Алаяқтар жаңа тәсіл ойлап тапты
Соңғы уақытта мессенджерлер арқылы жасалатын интернет алаяқтықтың жаңа тәсілі белең алып келеді. Бұл жолы алаяқтар адамдардың кітапқа деген қызығушылығын пайдаланып, Telegram желісінде «тегін электронды кітапхана» деген желеумен зиянды файлдар таратып жүр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
04.02.2026
-
Зейнетақымен ипотека жабу тәртібі өзгерді: Енді нені ескеру керек?
2026 жылғы 31 қаңтардан бастап Отбасы банк зейнетақы жинақтарының артығын пайдалана отырып, несиелерді ішінара және толық өтеу тәртібін өзгертті. Енді БЖЗҚ қаражаты тек негізгі қарызды өтеуге бағытталады, ал пайыздар мен өзге де ілеспе төлемдерді қарыз алушылар өз қаражаты есебінен төлейді. Ел ауқымында бұл өзгеріс миллиондаған қарыз алушыға қатысты: 38 триллион теңге көлеміндегі жалпы несие берешегінің 63 %-ы халықтың үлесіне тиесілі. Сарапшылардың пікірінше, түзетулердің стратегиялық мақсаты - қарыз жүктемесін азайту және азаматтардың қаржылық тәртібін күшейту. Толығырақ BAQ.KZ тілшісінің материалында.
04.02.2026
-
Мереке Құлкенов: Тіл мәселесін Конституциядан бұрын халықтың өзі шешуі керек
Қазіргі қоғамда ең көп талқыланып жатқан тақырыптардың бірі – жаңа Конституциялық реформа. Арнайы құрылған комиссия Ата Заңның 77-бабына өзгеріс енгізіліп, мәтіннің 84 пайызы қайта қаралғанын хабарлады. Жаңа заң жобасында «Қазақ тілі – мемлекеттік тіл» деген норма өзгеріссіз қалды. Алайда кейбір қоғам белсенділері жаңа жобада бұл бапқа өзгеріс енгізуді талап етіп отыр. Осыған байланысты Жазушылар одағының төрағасы әрі Конституциялық комиссияның мүшесі Мереке Құлкенов Ата Заңның жаңа жобасындағы тілге қатысты қоғамда айтылып жатқан сын-пікірлерге қатысты өз көзқарасын білдірді.
03.02.2026
-
Әскери оқу орындарына өтініштер енді толық онлайн қабылданады
2026 жылдан бастап әскери білім алуға ниетті талапкерлер үшін құжат тапсыру тәртібі түбегейлі өзгерді. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі әскери оқу орындарына қабылдауды цифрлық форматқа көшіріп, өтініштерді eGov.kz порталы арқылы онлайн қабылдауды іске қосты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
03.02.2026
-
Мал шаруашылығы өсім көрсетті: Өндіріс артты, экспорт ұлғайды
Өткен жылдың қорытындысы бойынша мал шаруашылығының жалпы өнім көлемі 3,8 трлн теңгеге жеткен. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 3,3 пайызға артық. Қазір бұл сала елдегі ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің 40 пайызын қалыптастырып отыр. Бұл туралы Ауылшаруашылығы министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
03.02.2026