Қазақия мемлекеті және Бірінші Елизаветаның кеңесшісі болған қазақ қызы
15-19 ғасырларда Еуропа және Америка карталарында Қазақ мемлекеті туралы не жазылған? Қазақ хандығы туралы деректер қай жылдан бастап кездеседі? Бізге беймәлім тұлға кім? Бұл жаңа деректер тарихи оқулықтарға қашан енгізіледі? Бұл жайында 130-дан астам картаны бір кітапқа біріктірген Заманауи зерттеулер институтының директоры Мұхит-Ардагер Сыдықназаровпен сұхбаттасқан едік, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
- Мұхит-Ардагер сіз бұл карталарға қалай қол жеткіздіңіз? Нақты қандай бағыттарда іздендіңіз?
- Мен зерттеуді 17 жыл бойы жүргіздім. Бұл Еуропа, Америка және Таяу Шығыстағы елдерден табылған Қазақ мемлекетінің 15-19 ғасырларға тиесілі карталары. Жұмыс 2007 жылы басталды. Осы жылдар аралығында Еуропа мен АҚШ-тағы 45 мың карта мен 300 манускрип-атласты талдадым. Бұл карталарды іздеген кезде мені Сақтар, Ғұндар мен Тұран тақырыбы қызықтырған жоқ, нақты қазақ этнонимі мен атауын қарастырдым. Ғылыми тілмен айтқанда, мемлекет атауы – политоним, оның билік жүйесі – кротоним, ал мемлекеттегі халықтың аты – этноним, міне осы тұрғыдан қарадым.
- «Қазақстанның үзіліссіз мемлекеттілігі тарих толқынында. XVІ-XIX ғасырлардағы еуропалық және америкалық карталардағы Қазақ мемлекеті» картадан бөлек, тағы қандай құнды деректер таба алдыңыз...
- Картада 1562 жылдан бастап 1879 жылға дейінгі кезең қамтылған. 2021 жылы желтоқсанда бұл карталарды жүйелеп 1500 картаның 10 пайызын ЕуроОдақтың саяси-мәдени астанасы Брюссель қаласында басып шығардым. Ол жерде шығуына себеп еуропалық картограф ғалымдарға деген ықыласым болды. Өйткені бельгиялық, нидерландық картографтар Қазақ мемлекеттілігін алғашқылардың бірі болып картаға түсірген.
Кітап сапасы – бельгиялық қағаз. Ол дүниежүзінде ең сапалы қағаз саналады, яғни 600 жыл өтсе де сарғайып, ескірмейді. Зерттеуімде тек 1,5 мың карта табумен шектелген жоқпын, онымен қоса көптеген картада Қазақ мемлекетіне тиесілі латын тілінде жазылған, бұрын-соңды беймәлім болған ақпараттарды жинақтадым. Еңбектердің бәрін аударып, 20 жаңа ғылыми жазба, жаңа деректер шығардық. Жалпы, барлық зерттеуіме өз қалтамнан қаржы жұмсамдым. Былтыр шілдеде кітаптың бірінші басылымы Брюссельден елімізге жеткізілді. Кітапқа сұраныс көп болды. Қазақстандағы және шетелдегі оқырман кітапты асыға сатып алғысы келді.
Брюссельде тұсауы кесілген кітаптың ең алғашқы оқырманы – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев. Президент менің жұмысыммен екі жыл бұрын танысқан еді. Биыл ақпанда еліміздің Ұлттық академиялық кітапханасында кітаптың тұсаукесері өтті. Таяуда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болып, Президентке ғылыми зерттеуімнің нәтижелерін таныстырдым. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев менің еңбегімді жоғары бағалап, оң бағасын берді. Президентпен кездесуде ғылыми зерттеу туралы және оның келешегі жөнінде әңгіме қозғадық.
Фото: Ақорда
- Бұл карталар «Қазақта мемлекет болмаған» дегендерге нақты жауап па?
- Еуропалық және америкалық карталар тәуелсіз Қазақ мемлекетінің бар екенін анық, айқын растап отыр. Қазақ мемлекеті жөнінде, қазіргі еліміз туралы айтылған «күмәнді пікірлер» бүгінгі таңда аса құнды тарихи-мәдени карталар арқылы толық жоққа шығарылды. 2022 жылы табылған карталар мен құнды деректер алдағы уақытта Тарих және этнология институтының білім жүйесіне енгізілмек. Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясы құрстырған Қазақстан тарихының жаңа, іргелі 7 томдық басылымында Қазақ мемлекетінің ескі карталарына байланысты авторлық екі бөлім жаздым. Кейін бұл жазбаларды Қазақстан тарихы оқуылығынан мектеп оқушылары да оқитын болады.
Қазақ мемлекетінің ең алғашқы картасы 1544 жылы Швейцарияның Базель қаласында басылған. Қолда бар карталарды зерттей келе, бұл Қазақ мемлекеті ортағасырлық жазба мұраның бір бөлігі ғана екенін, одан бөлек басқа карталардың бар екенін түсіндім. Содан кейін Еуропа елдеріне саяхат жасай бастадым, ұлттық кітапханаларды, корольдік мұражайларды араладым, мемлекеттік және жеке коллекцияларды зерттедім. Негізінен Еуропа мен Американың карталарына басымдық бердім. Карталардан көргенім – 16-ғасырдың басында Қазақ мемлекеті үлкен аумақты алып жатқан ел болған.
- Карталарда біздің елдің атауы әртүрлі бейнеленген екен. Көбіне қалай атаған? Қазақ мемлекетінің негізгі атауы қандай?
- Еуропалықтар XV-XIX екінші жартысына дейін біздің халқымыздың атауын жазуда ешқашан қателеспеген. Ғылыми тілмен айтқанда: экзоэтнонимдер, экзополитонимдер және Қазақ мемлекетінің экзократонимдерінен жаңылыспаған.
Оған мынадай дәлелді алға тартуға болады. Мысалы, Еуропалық карталарда мемлекет атауы: «Calzag», «Cassachi», «Cassachios», «Cassaci», «Cassacki», «Cassacky», «Cassak», «Caßakia», «Cassaky», «Cassaqy», «Cassaсcia Horda», «Cassaсkia», «Casatshi», «Cazalgites», «Chalzag Stati del Tartaro», «Chalzag», «Chalzak», «Chazalgites», «Royaume des Chazalgites», «Cosaccorum», «Coßaqorum Horda», «Cosacki», «Cosaki», «Cosaq», «Cosaques Errans», «Cosaski», «Gazitae Chanaaket» (Қазақ Хандығы), «Cuadrilla de Tartaros Kasatsha», «Gazitae», «Hacsaxa», «Independent Kassaks», «Independent Tartars», «Independent Tartary», «Independent Turkestan», «Kaisaken», «Kaisaks», «Kaissaken», «Kaissaks», «Kaizaken», «Kalzag», «Karsak», «Kasacha», «Kasacсia Horda», «Kasake», «Kasakhe», «Kasakhi», «Kasaki Tartares», «Kasaki», «Kasaki Tartari», «Kasakia», «Kasakki Tartari», «Kasakki Tartari», «Kasakki», «Kasaks», «Kasatchia Horda», «Kasatscha Horda Tartars», «Kasatschia Horda», «Kasatschia Orda», «Kasatsha», «Kasatsia Horda», «Kasatsia Horden», «Kasatsia», «Kasazier Orda», «Kasaсia», «Kaski Tartari», «Kassacia Horda», «Kassacia», «Kassaki Tartari», «Kassaki Tartari», «Kassaki», «Kassakia Horda», «Kassakia», «Kassaсkiа», «Kayissaks», «Kayissaks», «Kazak», «Kazaschia», «Kazatchia Horda», «Kazatchia», «Kazatschia», «Kazatsia Horde», «Khasaks», «Khasaks», «Khirghiz Kaizak», «Kirgees», «Kirghis Kaisaks», «Kirghis Kaissaks», «Kirghisen», «Kirghises», «Kirghisi», «Kirghiz Kaisaks», «Kirghiz Khasaks», «Kirghiz Tartars», «Kirghiz», «Kirghiz-Kayissaks», «Kirgises», «Kirgisi Cosacki», «Kirgiz Kaizaken», «Kirguises», «Land der Kirgis Kaisaken», «Gete», «Land of Geta», «Pays de Gete», «Country of Geta», «Pays De Kaissaks», «Pays De Kassaks», «Pays des Kirghiz-Kaissaks», «Tartarie Independante», «Tatarie Independante» және басқалар.
Жоғарыда аталған атаулардың бәрі – Қазақ мемлекетінің экэтнонимдері. Ал бұл экзополитонимдер мен экзополитонимдер еуропалық, кейінірек Америка карталарында жиі көрсетілгенін айта кеткен жөн. Ал қазақ мемлекеті «Gazitae Chanaaket» экзоэтнонимі (аудармасы «Қазақ хандығы») деп белгіленген карталар үш-ақ рет кездеседі, олардың орфографиялық нормалары шығыс – араб және парсы деректеріне сілтеме жасайды. Осыған қарап мен ата-бабаларымыздың өздерін Қазақия немесе Қазақ мемлекеті деп атаған деген қорытындыға келдім. Ал «Қазақ хандығы» ұғымы – бұл кеңес заманында «қазақтардың мемлекеттік бірлестігі сияқты», бірақ «әлі мемлекет болмаған» дегендей мағынаны беретін ғылыми, жасанды термин. Кеңес тарихшылары, қазір ресейлік саясаткерлер де Қазақ мемлекеті 1918 жылы революциядан кейін ғана құрылғанын жан-жақты айтып келе жатқанын білесіздер. Бұл, әрине, өтірік әрі нақты деректі бұрмалау.
- Сіздің еңбектеріңізде Ару Сұлтан туралы айтылады. Ол кім? Тарихымыз тағы бір тұлғамен толықты ма?
- Ару Сұлтанның портреті Лондондағы әйгілі Хэмптон-Корт атты Генрих сегізінші салған сарайдың қабылдау бөлмесінде ілулі тұр. Ол анамыздың портретін елімізге алып келдім. Ару Сұлтан Англия патшайымы Елизавета біріншінің сарайында 1561 жылдары қызмет еткен қазақ аристократиясының ғана емес, түркі жұртының, мұсылман атаулының тарихындағы тұңғыш адам. Ару Сұлтан – Англия патшайымы Елизавета Біріншінің кеңесшісі әрі өкілі болды.
Ару сұлтан – тарихтағы ислам өркениетінің тұңғыш өкілі, 16-ғасырдағы Қазақ мемлекетінің тұңғыш дипломатиялық өкілі қазақтың жоғары ақсүйектері, түркі әлемінің Елизавета патшайымының сарайындағы тұңғыш өкілі.
Ару Сұлтан өзінің білімінің, дипломатиясының, сұлулығының арқасында кеңесші болды, кейін оған патшайымның дипломаттарға деген ерекше ілтипат белгісі – ағылшын патшайымы І Елизавета «Өкіл қызым» деген бейресми атақ берді.
Ол қазақ әйеліне тән көйлек пен шапан киген. Шапаны – қазақи геометриялық өрнектермен безендірілген. Ағылшын суретшісі оған қазақы сәукеле мен бас киім кигізіп сызған. Ару Сұлтан Хэмптон Корт Корольдік саябағындағы ағаш жанында, оң қолын ағылшын рәміздерінің бірі – король бұғысының басына қойған. Тек оның аяқ киімі қазақтың ұлттық аяқкиіміне ұқсамайды. Оның аяғына патшайымның сыйға тартқан ағылшын әйелдерінің жалпақ барқыт аяқ киімі, ол туралы ақпарат корольдік шежірелерде анық жазылған.
- Ару Сұлтан қанша жаста болуы мүмкін?
- Ол 1576 жылы қайтыс болды. Оның туған жылы бізге белгісіз. Менің зерттеуімнің нәтижесінде ол 29-30 жас аралығында болған. Ару Сұлтан Лондонда 15 жыл тұрды.
Ағылшын дереккөздерінен алынған мәліметтерді қоспағанда, бізде Ару Сұлтанның жеке өмірі туралы дерек аз.
- Оның қазақ екенін, түркі текті екенін қалай білеміз?
Біз неге Ару Сұлтан татар, башқұрт не ноғайда емес, қазақ дейміз? Олай дейтініміз, сол жылдарда – Энтони Дженкинсон келген жылдары (еске салсақ, бұл 1557-1572 жылдар) Хақназар хан тұсында Қазақ мемлекеті (1538 – 1580 жылдары) өркендеген еді. Қазақ ханы Хақназар (1509-1580) Қазақ мемлекетінің ішкі қақтығыстардан кейін қайта жандандырып, билігі мен ықпалы күшейді. Оның билігі кезінде мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатта айтарлықтай өрлеу болды. Хақназар ханның кезінде Қазақ мемлекетінің геосаяси субъективтілігі күшейе түсті. Бұл туралы көптеген тарихи деректер, соның ішінде орыс деректері жазылған.
П.И. Рычков өз еңбегінде былай деп жазады: "Акиазар» (Хақназар) хан тек ноғайлар мен Башқұрттарды ғана емес, сонымен бірге Қазан, Сібір және Астрахань, Бұхар және Хиуа хандығын онымен қоса басқа да көптеген қалаларға иелік етіп, олардан алым-салық алып отырған.
Ағылшын елшісі Энтони Дженкинсон Қазаннан Астрахань мен Сарайшық арқылы, Бұхара мен Самарқандқа жасаған көптеген сапары саяси жағынан да, ағылшын елшісінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету тұрғысынан да оған қазақ билеушісі Хақназар хан ізгі ниет танытты.
Егер Дженкинсон бұл аймақта 15 жыл бойы (1557 жылдан 1572 жылға дейін) сапарлағанын ескерсек, ағылшын елшісі Хақназардың қамқорлығынсыз – барлау, сауда-саяси саяхаттары, миссияларына қол жеткізе алмас еді.
Сол ғасырда ағылшын-қазақ байланысы, олардың қазақ мемлекеті немесе Қазақия сияқты Еуразияның осындай қуатты мемлекеті ағылшын-мәскеу саяси-экономикалық қарым-қатынасына балама болды. Оның үстіне елші Дженкинсон ағылшын-үнді саудасының ілгерілету үшін, жалпы алғанда, Қазақ мемлекетінің ұлан-ғайыр жерінен өтпей, Қазақ билеушілерінің қамқорлығынсыз Үндістанға жету мүмкін емес екенін түсінді. Кейін 1570-1572 жылдар аралығында сауда және саяси экспедицияларында Парсы арқылы Үндістанға баратын балама жол іздеді. Кейін сол Үндістанға барар бағытты көп бөгейтін, осы жолдарды бақылайтын ықпалды ел өкілдері Бірінші Елизаветаның сарайына шақырылды. Оған қазақ өкілдері де барды.
Бірінші Елизаветаның өкілі Ару Сұлтан Лондонда дипломатиялық өкілдік ашуға және екіжақты Қазақстан-Еуропа байланыстарын одан әрі орнатуға және нығайтуға шақырылды. Осылайша, Ару Сұлтанның бізге этникалық және этно-конфессиялық қатыстылығы туралы мәселе логикалық тұрғыдан өз дәлел табады.
Біз Хақназар хан мен Ару Сұлтанның туыстық байланыс бар-жоғы белгісіз. Тарихи деректерде Хақназардың туысы ретінде Ару Сұлтан аталмайды, ал Хақназардың туған бауырлары (әкесі Қасым ханның балалары) Хақ-Назар, Әбілхайыр-Сұлтан және қыздары Құтлық Сұлтан-ханым, Бүлдір ханым аталған. Ханның ұлдары ретінде Мұңғатай Сұлтан, Дінмұхаммед сұлтан, Бозғыл сұлтан көрсетілген.
Ағылшын архивтеріндегі, Шығыс деректері және кітапханалардағы тарихи құжаттар Ару Сұлтанның шығу тегін растайтын құжатты табуға мүмкіндік береді деп ойлаймыз. Бұл мұрағаттарда қазақ билеушілерінің сақина мөрлерінің ізімен расталған құжаттар болуы мүмкін. Егер Ару Сұлтан қазақ мемлекетінің елшісі болған деген жорамалымыз дұрыс болса, ол қазақтардың билеуші ақсүйектерінен сенім грамоталарын алып келуге тиіс еді.
- Неге әйел таңдалған?
Неге еркек емес, әйел? Мұнда Бірінші Елизавета сәтті басқарып отырғаны туралы тікелей дипломатиялық және халықаралық ақпарат рөл ойнады. Қазақ-ағылшын байланыстарын әйел адам қамтамасыз етті. Таңдау Ару Сұлтанға түскен.
-Уақыт бөліп, сұхбат бергеніңізге рахмет!