Сараптама
-
Экономист: Зейнетақының өсуі бюджетке жасырын қауіп төндіреді
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақының 10 пайызға өсуі әлеуметтік қолдауды күшейтеді. Алайда бұл қадам бюджетке түсетін міндеттемелердің ұлғаюын жеделдетіп, қазірдің өзінде күрделі мәселеге айналып отырған жүктемені одан сайын арттыра түседі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
28.01.2026
-
Салық режимі өзгерді: 2026 жылы бизнеске не істеу керек?
Қазақстанда Салық кодексінің жаңа нормалары күшіне енді: бұдан былай жеті арнаулы салық режимінің орнына үшеуі ғана қалды. Кәсіпкерлер 2026 жылғы 1 наурызға дейін салық режимін ресми түрде растауы керек, әйтпесе артық төлем төлеуі мүмкін. Өзгерістер бизнестің жұмысына, бухгалтерлік қызметтер нарығына қалай әсер ететінін және кодекстегі қай нормаларға назар аудару қажет екенін BAQ.KZ тілшісі сарапшылардан сұрап білді.
27.01.2026
-
600 млн қарыз, 20 жыл жаңармаған жүйе: Өскемен трамвайлары неге тоқырауға ұшырады
Қалада 40 жылдан астам уақыт пайдаланылып келе жатқан трамвайлар бар, парк жаңарту жұмысын кезең-кезеңімен іске асуда.
24.01.2026
-
2026 жылы Қазақстандағы микрокредиттеу нарығында не өзгереді?
BAQ.KZ тілшісі микрокредиттеу нарығы 2026 жылы қандай болатынын және ең үлкен өзгерістер кімдерге әсер ететінін анықтау үшін Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне ресми сауал жолдады.
22.01.2026
-
"Қасиетті кітап" емес: Салық кодексінде болуы мүмкін өзгерістер
Қызылордада өткен Ұлттық құрылтайдың V отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Салық кодексіне өзгерістер енгізу жайлы айтты.
21.01.2026
-
ҚҚС төлеушілер нені білуі керек: Негізгі талаптар мен мерзімдер
ҚҚС бойынша жалпыға бірдей белгіленген салық салу режимінен арнаулы салық режимдеріне (АСР) көшуді жоспарлап отырған кәсіпкерлер үшін бірқатар маңызды талап бар. Мемлекеттік кірістер комитеті ҚҚС есептен шығару тәртібі, өтпелі кезең және тауар қалдықтарына салық салу мәселелерін түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
05.01.2026
-
2025 жылы Қазақстан қылмыспен күресте қандай нәтижеге жетті?
2025 жылы елімізде қылмыс деңгейі 9 пайызға азайып, елді-мекендерде бірде-бір қылмыс тіркелмеді. BAQ.KZ тілшісі Ішкі істер министрлігінің биыл атқарған жұмыстарын қорытындылап көрді.
23.12.2025
-
2026 жылы салық декларациясын тапсыру ережелері жаңарады
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап салық есептілігін тапсыру тәртібіне бірқатар маңызды өзгерістер енгізіледі.
23.12.2025
-
Саясат, салықтар және цифрлық мемлекет: 2025 жылы Қазақстан қалай өзгерді?
2025 жылы Қазақстан саяси жүйені қайта құрудан бастап, тікелей сайлаудың кейбір элементтерінен бас тарту, фискалдық саясатты қатаңдату, бизнес үшін ақшаның қымбаттауы және цифрлық технологиялар мен жасанды интеллекттің басқарудағы рөлін күшейтуге дейінгі күрделі әрі көбіне ауыр шешімдер кезеңіне кірді. BAQ.KZ-ке пікір білдірген сарапшылар осы процестердің елді қалай өзгертіп жатқанын және неге олардан бас тарту мүмкін болмай тұрғанын түсіндірді.
11.12.2025
-
Мұнай бағасы қысымға ұшырады: Бағаның төмендеуі Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді?
Әлемдік мұнай нарықтары қайтадан құбылмалы кезеңге тап болуы мүмкін. JPMorgan сарапшыларының болжамынша, 2027 жылға қарай Brent бағасы екі еседен астам төмендеп, барреліне 30–40 доллар деңгейіне дейін құлдырауы ықтимал. Экспорттық түсімінің жартысына жуығы мұнайдан түсетін Қазақстан үшін мұндай ауытқулар оңайға соқпайтыны анық. BAQ.KZ тілшісі еліміздің бұрынғы мұнай дағдарыстарын қалай еңсергенін және жаңа болжамның қандай қатерлері барын зерделеп көрді.
10.12.2025
-
Мобильді аударымдар: 2026 жылдан бастап кімнің шоты тексеріледі?
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап мобильді аударымдар бойынша жаңа талаптар күшіне енеді. Бұл өзгерістер жаңа Салық кодексіне енгізілген. Сонымен 2026 жылдан бастап мобильді аударымдарға қатысты не өзгереді? Мемлекеттік кірістер комитеті BAQ.KZ тілшісінің осы нормаларға қатысты жолдаған сауалына егжей-тегжейлі жауап берді.
08.12.2025
-
Ипотека, автонесие, салық: Нарықты не күтіп тұр?
Қазақстандағы несие нарығында айтарлықтай өзгерістер басталды. Ұлттық банк жүргізген соңғы сауалнама бизнес сегментінің қайта жандана бастағанын көрсеткенімен, тұрғындар үшін несие алу талаптары бұрынғыдан қатаңдай түскен. Ипотекаға сұраныс төмендеп, автонесие де жаңа мөлшерлеме қысымын сезіне бастады. Ал тұтынушылық кредиттер бұрынғы деңгейден аса алыстамай тұр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
05.12.2025
-
Украина мен Ресей: Ердоған келіссөздерді қайта жандандыруға неге мүдделі?
Қарашада Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған Украина мен Ресей арасындағы келіссөздерді Ыстамбұлда қайта жандандыруға шақырды. Бұдан бұрын Ыстамбұлда Ресей мен Украина келіссөздері үш мәрте өткен. Түркияға делдал болу не үшін керек және Ресей мен Украина арасында келіссөздер жүргізуде Түркияның басқа елдерден қандай артықшылығы бар? BAQ.KZ тілшісі материалынан оқи аласыз.
04.12.2025
-
Автолизинг қалай беріледі: Алғашқы клиент тәжірибесі
Қазақстанда 1 желтоқсаннан автолизинг бағдарламасы басталды. Алайда әзірге республика бойынша лизингпен пилоттық режимде тек бір-ақ көлік берілді. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі бағдарлама енді енгізіліп жатқандықтан, 2026 жылдың басына дейін масштабталатынын мәлімдеді. Алғашқы көлік лизингке қандай шарттармен берілді, жаңа жүйенің артықшылығы қандай BAQ.KZ тілшісі материалынан оқи аласыз.
03.12.2025
-
Үкімет "Бәйтерекке" 1 трлн теңге бөледі: Қазақстан экономикасында не өзгереді?
Қазақстан экономикасында алдағы жылдары іске асатын ең ауқымды қаржы құралдардың бірі – Үкіметтің "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингін 1 трлн теңгеге дейін капиталдандыру туралы шешімі. Бұл қомақты ресурс нақты секторды дамытуға, жаңа өндірістер ашуға және өңірлік экономикаға жаңа серпін беруге бағытталған.
26.11.2025
-
Банктер жалған несиелерді қалай жабады? Толық механизм түсіндірілді
Қазақстанның Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі алаяқтық несие рәсімдеу жағдайларына қатысты түсіндірме беріп, мұндай қарыздарды банктердің өз есебінен жабу тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
24.11.2025