Діндер съезі қалай өтті?

Елордамызда Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі аяқталды, деп хабарлады BAQ.KZ тілшісі.

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезі алғаш рет 2003 жылдың 23-24 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен өткізілген болатын.

2003 жылы 13 ақпанда өтіп, діндер, мәдениеттер мен халықтардың жақындасуына маңызды рөл атқарған, христиан, мұсылман, еврей ұйымдары қаысқан Бейбітшілік пен келісім халықаралық конференциясында сөз сөйлеген Елбасы барлық конфессия өкіліне Қазақстанда Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезін өткізу инициативасын білдірді.

Қазақстан Президентінің Ватиканға сапарында алғашқылардың бірі болып Съезд идеясына католик шіркеуінің өкілдері қолдау көрсетті.

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезі арнайы Рим папасы, Францисктің келуімен ерекшеленді. 

Съезге ел басшылығы көп уақыт дайындалды. Себебі әлем руханиятының өкілдері елордамызды діни алаңға айналдырып, бейбітшілік пен келісім мәселесін талқылауға жиналды. 

Діндер съезі хатшылығының төрағасы Мәулен Әшімбаев болғандықтан Сенат ұйымдастыру алқасында басты рөлді ойнады. 

Съезге бір күн қалғанда әдеттегідей хатшылықтың кеңесі өтті. Онда қатысушылар съездің күн тәртібін бекітті. 

Сондай-ақ 13 қыркүйек күні аса қадірлі меймандар елордамызға келіп жатты. Оның ішінде Рим папасы да болды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Рим папасын әуежайдан қарсы алды. Рим папасының пулында ақпарат тарататын 81 журналист болды. 

14 қыркүйек күні съезге әлемнің 50 елінен 100-ден астам делегация қатысты.

Жалпы съезд барысында конфессиялардың діни көшбасшылары, соның ішінде бұрын айналасымен күрделі қарым-қатынаста болған ұйымдар жетекшілері бір үстелге жиналды.

Осылайша, діни лидерлер ізгі ниеттің, кез келген айырмашылықты еңсеруге дайын болудың үлгісін көрсетті. 

VII Съезд аясында осы іс-шараның дәстүрлі ғана емес, сонымен қатар қазіргі қоғам үшін өзекті күн тәртібі  де талқыланды: қазіргі әлемдегі әйелдердің орны және гендерлік теңдікке қол жеткізудегі діннің рөлі, сапалы білім және діни ағартушылық, цифрлық дамудың қарама-қайшылығы және цифрлық теңсіздік проблемалары.

 Шетелдік сарапшылар мен беделді дін қайраткерлері осы өзекті мәселелерге қатысты өз ойларымен бөлісті. 

Съездің ашылуында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев келген қонақтарға ризашылық білдірді. 

Еліміздегі және бүкіл әлемдегі бүкіл әлемдегі диалог пен ынтымақтастықты дамыту Қазақстан саясатының маңызды бөлігі. Бүгінгі съезд-соның айқын көрінісі. Осыған дейін үлкен форум декларацияларында зорлық-зомбылық, радикализм және қақтығыстар табанды түрде сыналды. Қандай идеяны желеу етсе де, мұндай әрекеттерді еш ақтауға болмайтыны анық айтылды. Қазіргі кезеңде дін басшыларының бір үстел басында жиналуы айрықша маңызды. Олар кез келген мәселе бойынша ортақ пайымға келіп, тіл табысуға болатынын адамзатқа паш етуде.Меніңше, съездің ең басты айырмашылығы да осында, - деді Тоқаев.

Тарихи сәт – Рим папасының келуі 

Рим папасы өз баяндамасында Абайдың ілімі мен көзқарасы туралы көп айтты.

Абай діни ұғымдарының арқасында халықының рухындағы діни түсініктерді жеткізді. Ол барлық жан-тәнімен лайықты адам болу даналығын ұсынды. Мен әртүрлі өзімнің тәжірибелеріммен бөлісуге дайынмын. Абай әдемлікітің көркі неде дейді немесе тіршілік етудің мәні неде деген сауал қояды. Өмір жолында қайда бара жатқанын өзіне сұрақ ретінде қойды. Бұл дінге деген қажеттілікті алып келетін сұрақ. Біз жер бетіндегі өзіндік сұраныстарымызды, экономикалық сипаттағы сұраныстарымызды қанағаттандыру үшін ғана өмір сүрмейміз.  Біз өмірбойы өзіміздің аспан астындағы көзқарасымызды кеңейтеміз. Бізге көптеген сұрақтарға жауап іздеу керек. Бізге рухани әлемді байыту қажет. Абай айтқандай, жан тіршілігін рухпен ұштастыру керек, - деді Рим папасы.

Ватиканның басшысы, Рим Папасы Франциск адам табиғи жаратылыс екенін айтты. 

Біздің рухымыз біршама өзгерді. Өзінің абсолютті еркіндігін өзгертті. Сондықтан біз өзіміздің аға-қарындастарымызды оның атынан неге шектеу аламыз. Абайдың өзі дінді мәжбүрлей алмаймыз, басқаларды сенуге мәжбүрлей алмайтынымызды айтады. Діни бостандық дегеніміз фундаментальді және бастапқы құқық. Ол жан-жақта қабылдануы және мәдениеттердің культіне алып келуіне тиісті. Сондықтан адамдардың рухын жария түрде көрсету керек. Бұл жердегі керемет тәмсіл кешегі күнді идеологияға алып келмеу. Біз бұдан мүмкіндігінше алшақ болуға тырысуымыз керек, - дед ол. 

Рим папасы айтқандай, діндегі ең басты қасиет – дене бітімімізбен ғана оны жүзеге асыру. 

Әртүрлі діннің қалыптасуына және олардың өзара өмір сүруіне алып келеді. Ол әрбір адамның мәнез-құлқына ден қоюға мүмкіндік беріп, біріктіреді. Оларды бірдей етпейді. Ең керемет қасиетін ілгерілетуге мүмкіндік береді. Қазақстан осы құндылықтарды сақтауға оны одан әрі ілгерілетуге бейім. 20 жыл бойы бұл съез өтіп келеді. Биылғы кездесу бізді рухани және қоғамдық дамуға әсер етеді. Пандемиядан кейінгі кезеңде діннің орны қандай екенін көрсетеді, - деді Рим папасы. 

Понтифик съездің екінші күні Қазақстанның Туы мен Елтаңбасы туралы айтты.

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезі аясында Рим Папасы Франциск ЭКСПО алаңында діни месса өткізді. 

Әлем тарихында өзекті өртейтін жағдайлар да жоқ емес: зорлық-зомбылық, атеистік қудалау, түрлі қиын жағдайлар. Онда халықтың бостандығына қауіп төнді. Бізге бастан кешкен азап туралы естеліктерді есте сақтау да маңызды. Сондықтан жадымыздағы кейбір түсініксіз жағдайларды естен шығармағанымыз абзал..., - деді Католик шіркеуінің басшысы елордада өтіп жатқан мессада.

Оның пікірінше, әлем халықты бейбітшілікті сақтау үшін бірлесіп күресуі керек.

Жоқ, бейбітшілікті бірден және мәңгі орнатуға болмайды. Ол үшін күн сайын еңбектену керек яғни түрлі этникалық топтар мен діни дәстүрлер дамып, әлеуметтік әділеттілік орнауы қажет. Сондай-ақ Қазақстанның тұрақты дамуы үшін және басқа ұлттармен және мәдениетпен ынтымақтастық байланыс орнату үшін ортақ күш-жігер керек. Ал оған дейін Құдайға сену керек..., - деді Рим папасы Франциск.

Сондай-ақ мессада Понтифик соғыс болып жатқан елдерге алаңдады.

Мен соғыс болып жатқан көп жер туралы уайымдаймын. Әсіресе, Украина мені алаңдатады. Соғысқа қалыпты жағдай ретінде қарауды болдыртпау керек. Оны болдырмауға тырысу керек. Соғыстан жапа шеккендерге көмектесуге асық болуымыз керек. Бейбітшілікке әкелуге үлес қосуымыз керек. Конфрантацияның орнына диалог келгенше қанша адамның өмірі қиылуы керек? Оның бір жолы-келісім. Келісімгге тек диалог қана әкеледі,- деді ол.

Рим папасы Кавказ өңірінндегі соғыстың тұтанғанына алаңдаушылық білдірді.

Бұл аймақтардағы жанжалды келісімнің жеңуіне дұға жасайық. Соғысқа кеткен қаржыны халықты қолдауға бағыттау керек. Осыған сенетіндерге алғыс айтамын,- деді Рим папасы.

Ұлы тұлғалар

Әл-Азһар Жоғарғы имамы Шейх Мухаммад Ахмад Ат-Тайеб климаттың өзгеруі туралы айтты. 

Климаттың жылынуы, орман өрті, теңіздердің деңгейі шамасынан шығуы, өзен мен көлдердің құрғауы сынды өзгерістер болып жатыр. Жәндіктердің жойылуы сынды залалды өзгерістерді көріп отырмыз. Сондай-ақ соңғы кездері басымыздан өтіп жатқан менмендіктен жасалған саяси іс-қимылдар бар. Олар да экономикалық тұрғыдан өте үлкен нұқсан келтіріп отыр. Оның барлығы белгілі бір деңгейде адам ешқашан ойлмаған экономикалық дағдарысқа алып келіп отыр. Тіпті, нанның жетіспеуіне алып келді. Бейбіт халықты құрту, оларды өз елінен, жерінен қуып шығу сияқты келеңсіз жайттар болды, - деді ол. 

Израильдің Бас Сефард раввині Ицхак Иосиф Съезде сөз сөйлеген раввин адамдарды төзімділікке шақырды. 

Коронавирус орын алуы себепті Құдайға деген сенім артты. Өйткені адамдар еш нәрсенің бізге байланысты еместігін түсінді, тіпті бірде-бір сарапшы түсіне алмаған кішкентай вирустың алдында қауқарсыз екенбіз. Барлығы Құдайдың қолында. Біз баршамыз эпидемиядан, соғыстан сақтасын, әлемді барынша жүйелі етсін деп дұға тілейміз. Біз Жаратушымыз тілегімізді қабыл алуы үшін не істей аламыз? Жаратқанға барынша жақындап, жаман әдеттерден арылуымыз керек, - деп атап өтті Ицхак Иосиф.

БҰҰ Өркениеттер Альянсының жоғары өкілі Мигель Анхель Морратинос съезді Қазақстанда өткізу кездейсоқтық еместігін айтты.

Қазақстан – 100-ден астам ұлт пен көптеген діни қауымдастықтың ортақ үйі. Тарихтарыңыз сондай. Бізге барлық діннің күшін біріктіру қажет және біз діни алуан түрлілік – әлсіздік емес, күш екендігін түсінгеніміз маңызды, - деп атап өтті БҰҰ Өркениеттер Альянсының жоғары өкілі. 

Сонымен қатар ол кемсітушілікке жол бермеу қажет деп есептейді. 

Кемсітушілік бізді бұзады, сондай-ақ баршамыздың құқығымызды таптайды.Ол біздің әрқайсысымызға әлеуетімізді толықтай көрсетуге мүмкіндік бермейді. Сол үшін әр мәдениеттің, әр діннің бірегейлігін түсініп, оны сыйлауымыз қажет, - деді Мигель Анхель Мартинес.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев екі күннен бері еліміз түрлі мәдениеттердің сындарлы сұхбат орталығына айналғанын айтты. 

Дүниежүзіндегі беделді дін басышлар бір шаңырақтың астында жиналды. Сіздер барша адамзаттың күш-жігерін ортақ мүддеге жұмылдыру үшін әлемнің әр түкпірінен келіп отырсыздар. Осының өзі дінаралық ынтымақтастықтың маңызды екенін көрсетеді. Шын мәнінде, барлығымыздың мақсатымыз бір – өркениеттер үндестігін орнату, бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайту. Съезде көптеген салмақты ой, салиқалы пікір айтылды. Оның барлығы біздің "үйлесімді әлем" құру жолында оң ықпалын тигізеді деп санаймын, - деді Тоқаев. 

Съездің қорытындысында Декларация қабылданды. 

Декларация мәтінін Англикан шіркеуінің арнайы өкілі, Доркинг епископы Джо Бейли Уэллс оқыды. Декларация 35 пунктіден тұрады.

Осы Декларация Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезі делегаттарының көпшілігімен қабылданды, бүкіл әлемдегі билікке, саяси көшбасшыларға, дін қайраткерлеріне, тиісті өңірлік және халықаралық ұйымдарға, азаматтық қоғам институттарына, діни бірлестіктер мен жетекші сарапшыларға беріледі. Сондай-ақ ол БҰҰ Бас Ассамблеясының 77-ші сессиясының ресми құжаты ретінде таратылады.Қазіргі Декларациядағы қағидалар барлық мүдделі елдегі саяси шешімдерде, заңнамалық нормаларда, білім беру бағдарламаларында және бұқаралық ақпарат құралдарында есепке алынуы үшін барлық өңірлік және халықаралық деңгейлерде таралуы мүмкін, - делінген Декларацияда. 

Ендігі съезд 2025 жылы елімізде өтеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы