Digital Bridge 2023. Жас өнертапқыштардың жаңалығы қандай?
Биыл қандай технология тренд те немесе Қазақстанда не дамып жатыр? Мұны Digital Bridge 2023 аясында өткен көрмеде қазақтандық жас өнертапқыштардың стартап-жобаларынан көре аламыз, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Дрон жарыстары: Жаңа спорт не береді?
Aspan drone басшысы Қайсар Есенғали бір жылда қандай жетістіктерге жеткенін айтып берді. Aspan drone қоғамдық бірлестігі наурыз айында ашылды. Биыл елімізде тұңғыш рет Aspan Fest 2023 басқарусыз ұшу аппаратынан халықаралық жарыс өтті. Алдағы уақытта да жекелей және командалық жарыстар ұйымдастырылмақ. Сонымен бірге пилоттарды үйретуге арналған тегін курс бар.
Біз қатысушыны «спортшы пилот» деп атап жүрміз. Олар жарыс кезінде өздері жинаған, түрлі қуат қосқан дрондарымен сайысқа түседі. Мақсат - сайыста түрлі кедергілерден өтіп, жеңімпаз атану. Біздің спортшымыз Тимофей Муравьев Орал қаласында өткен халықаралық жарыста бірінші орын алды. Турнирге 3 елден 20 пилот қатысты, - деді Қайсар Есенғали.
Ол мақсат - Қазақстандағы пилоттардың санын көбейтіп, нарықты кеңейту екенін атап өтті.
Жалпы, статитистика бойынша елде 300 ғана адам дронды нақты пайдаланады. Бұл аз. Сондықтан біз ел ішінде және халықаралық жарыстар арқылы дронға қызығатындардың санын көбейтпекпіз. «Классикалық гонка» жарысынан бөлек, баскетбол, футбол ойынын қосып жатырмыз, - деді бірлестік басшысы.
Камиказдзе секілді соғыс дроны құрастырылды
Көпішілік ел қорғанысындағы қару-жарақтың ескіргенін, оны жаңартып қазіргі қақытығыстарда пайдаланатын дрондарды көбейту керегін айтып жатады. Форумдағы көрмеде жас инженер Мырзагелді Райым басқарусыз ұшу аппаратын соғысқа бейімдеп құрастырылғанын түрін таныстырды.
Мырзагелді жобаға көп қаржы кетпегенін, келешекте дронның басқа да түрлерін жасауға кірісетінін айтты.
Дронның - мақсаты жауынгерлік тапсырманы орындау, барлау жұмыстарын жүргізу. Былайша айтқанда, жалпы қандай бұйрық беріледі соны орындауға арналған деп айта аламыз. Еліміздың қорғаныс саласының жаңарту үшін әзірленген жоба. Дронның 5 шақырым алыстағы затты көреді. Біз алыстықтан көруін одан әрі арттырып жатырмыз, яғни тегіс аумақта 20 шақырымға дейін жететін болады. Жерден пульт арқылы басқарылады әрі қарудың төменгі бөлігіне қару-жарақтың бірнеше түрін орналастыруға аламыз. Меніңше, дрон тапсырманы орындауға және шекара-шебінде барлау, бақылау жұмыстарын жүргізуге тиімді. Дронды өзім құрастырдым, бағасы қымбат емес, 300 доллардың шамасында. Келешекте бұл жұмыстарымды одан әрі жалғастырамын, - деді ол.
Қазақстандық оқушылар индустрия саласына қажет робот құрастырды
Қазақстандық оқушылардан құралған Bolt.M3 құрамасы Аустралия мен АҚШ-та жүлдері орындарды иеленген. Команда капитаны Нұрай Рғымбай 11 оқушыдан тұратын құрамның робототехниканы қалай дамытып жатқанын айтты.
Оның айтуынша, бір робот 7 айда құрастырылады. Роботтың бөлшектері АҚШ-тан келеді, ал жалпы бағдарламасын өздері жасайды.
Роботтар деңгейіне сәйкес кез келген затты бір орыннан екінші орынға апарып қоя алады. Бастапқы 30 секунд ішінде робот жасанды интеллектің көмегімен автоматты түрде қозғалады. Онымен қоса өзіне көрсетілген жасыл алаңды камерасы арқылы көріп, жүру үшін жолдағы QR кодтар пайдаланады. Меніңше, мұны құрылыста және жол саласында қолдануға болады. Мәселен, зауыт пен фабрикадағы ауыр жүк көтеру, тасу жұмыстарын атқара алады деп ойлаймын, - деді ол.
Артық зат көтермей, алақаныңмен төле
Alaqan Technology компаниясының техникалық директоры Қанат Сәрсенбаев Alaqan-ды еліміз бойынша 100 мыңнан астам адам қолданатынына айтты.
Сәрсенбаевтың айтуынша, адам биометриясына негізделген төлем тәжірибе жүзінде сәтті іске асып келеді.
Қазіргі таңда Ақтөбе облысында «Алақан мектеп» деген жобамызды іске асырып жатырымыз. Өздеріңізге мәлім, мектеп оқушылары ауыр сөмке көтеруге мәжбүр. Біз бұл мәселені де облыста алақанның көмегімен шешуді қолға алдық. Яғни әр баланың өзінің сөресі болады, мектепке келгенде оқушы алақанының көмегімен ашып, қажетті кітаптарына алады. Дәл солай кітапхана мәселесін шешіп жатырмыз, - деді ол.
Сонымен қатар компания директоры ата-ана мен бала қауіпсіздігіне айрықша назар аударылғанын айтады.
Мәселен, ата-ана баласында қанша ақша барын біліп отырады, лимит қойса да болады. Оның ішінде қандай тағамды, заттарды алуға рұқсат беретініні көрсетуге мүмкіндік бар, - деді Сәрсенбаев.
Ол студенттердің жиі турникетін жоғалтанын айтып, бұл мәселені де адам биометриясы арқылы реттеуге болатынын атап өтті.
Қазіргі таңда бірнеше білім ордасынан ұсыныс түсті. Онымен қоса, университеттегі аудиторияға студент қашан келіп, қашан кеткенін де биометрия көмегімен анықтауға болады. Бүгінгі таңда сауда үйлері мен дүкеннен де ұсыныстар түсіп жатыр, - деді Сәрсенбаев.
Алматы аэропортына биометриялық технология қашан енгізіледі?
Kazdream Special Systems компаниясының инженері Сергей Смирнов биометриалық техногияның 100 пайыз қауіпсіз екенін айтады. Сөзінше, мұндай жолаушылар үшін жеңіл әрі қауіпсіз тексерістен өту пандемия кезінде қажет болды.
Бәрімізге бұл қарапайым бақылаудан несімен артық? деген сұрақ келген шығар. Терминал азаматтар шекарадан төлқұжатын бақылаудан өткізген кезде 10 есе жылдамдатады. Өте жылдам, 15 секунд қана уақытыңызды алады. Сізге тек отырғу талоны мен паспортыңыз керек. Өкінішке қарай, қазіргі таңда технология тек Астанада бар, келешекте бүкіл ел аумағын қамтуды жоспарлап отырмыз. Жалпы, келесі жылы терминалды Алматының аэропортына орнатамыз деген ойдамыз.