АЭС жобасы: Неден ұтып, неден ұтыламыз?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Біздің жұрт атом деген сөзі естігенде Чернобыльдағы жарылыс пен Семей полигонын еске түсіреді. Аты аталса болды көпшілікті дүрліктіретін жоба. Жалпы, Қазақстандағы АЭС салу бойынша халықаралық сарапшылар не дейді? Алматы облысы Үлкен кентінің жанындағы белгіленген аумақ қалай зерттеліп жатыр?
Осы және өзге де сұрақтардың жауабын білу үшін «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС консультанты Әсет Махамбетовпен сұхбаттасқан едік.
Әлемде 440 атом реакторы жұмыс істейді. АЭС 32 елде бар, олардың ішінде АҚШ, Франция, Қытай, Ресей, Жапония, Оңтүстік Корея және Үндістан көш бастап тұр.
Алдағы уақытта алғашқы АЭС Беларусь, БАӘ, Бангладеш және Түркияда елдерінде пайда болмақ. Келешекте бұл тізімге Қазақстанда енуі мүмкін.
– Әсет Кеңесбекұлы, сіздің ойыңызша, елімізге АЭС салудың нақты үш себебі қандай?
– Біріншіден, АЭС салудағы ең маңызды мәселе – еліміздің энергетикалық әлеуетін қамтамасыз ету. Осы сәттің өзінде мемлекетімізде электр қуатының тапшылығы сезілуде, ал электр энергиясына деген қажеттілік жылдан-жылға өспесе, кемімейді. Бүгінде қазақстандық станциялардың көбінде жабдықтар тозған, жартысының басым бөлігі 30 жылдан астам эксплуатацияда. Бұл фактор электр станцияларының апаттық көрсеткіштеріне және тұрақтылығына әсер етеді.
Мысалы, қазір еліміздің шекаралас мемлекеттердің энергия жеткізушілеріне тәуелділігі байқалып отыр, ал ол мемлекетіміздің энергетикалық қауіпсіздігіне теріс әсерінтигізбей қоймайды.
Екіншіден, Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының көміртегі бейтараптығына 2060 жылға дейін қол жеткізу мақсатын қойып отыр. Өзіңіз білетіндей, АЭС парниктік газдарды бөлмейді. Осы көрсеткіш бойынша да атом энергетикасы жаңартылатын энергия көздерімен бәсекелес. БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясының (UNECE) 2021 жылғы деректеріне сүйенсек, бүкіл өмірлік цикл бойынша парниктік газ қалдықтарының ең төмен көрсеткіштері – атом энергетикасында. Сондықтан, АЭСэнергетикамызды көміртексіз бағытқа көшудің негізі болып табылады. Ол жел немесе күн электр станциялары сияқты ауа-райына тәуелді емес және 100 пайыз қуатты тұрақты түрде өндіре алады.
Үшіншіден, уранның ішкі тұтынушысы пайда болады. Мысалы, Қазақстанның ураны тек экспортқа кетіп жатыр,ал еліміз жер шары бойынша уран өндіруден біріншіорында тұр. Еліміздің ураны дүниежүзілік нарықтыңшамамен 40 пайызын қамтамасыз етеді. Ал қазақстандық АЭС уран өнімін шығару жөніндегі өндірістік базаның әлеуетін ұтымды және кешенді пайдалануға алып келеді және атом-энергетика саласындағы қосымша құзыреттердіңпайда болуына ықпал етеді.
– Қазақстанда АЭС салу қалай қаржыландырылады. Ел қаржысы жете ме?
– Қазақстанда АЭС салу экономиканың барлық салаларына, сондай-ақ ғылымға, білімге, әлеуметтік салаға оң мультипликативтік әсер етеді, жоғары технологиялық, ғылымды қажетсінетін технологиялар мен аралас салалардың жедел дамуына мүмкіндік береді. Құрылыс кезеңінде шамамен 7-8 мың жұмыс орны құрылады, одан әрі пайдалану персоналы үшін шамамен 2 мың адам қажет болады. Жоғары білікті кадрлардың керек санын даярлау қазақстандық жоғары оқу орындары бағдарламаларының дамуына әкеледі және олардың деңгейін айтарлықтай жақсартады.
АЭС орналасатын ауданда инфрақұрылым дамиды. Негізгі нысан жолдар, мектептер, ауруханалар және тұрғын үйлер секілді басқа объектілердің құрылысына алып келеді. Енді қаржыландыру мәселелері бойынша әлемдік тәжірибегесүйенетін болсақ, АЭС секілді үлкен жобаларды іске асырғанда, қаржыландырудың әртүрлі сұлбаларын қолданады. Мысалы, инвестициялық жобаны қаржыландырудың ең танымал нұсқасы - EPC-келісімшарты(ағылшынша engineering, procurement, construction). Соңғы уақытта атом энергетикасындағы ірі жобаларды қаржыландыру үшін жаңа схемалар белсенді қолданыла бастады: жеке капитал басты рөл атқаратын ВОО(ағылшынша build-own-operate) және ВООТ (ағылшынша build-own-operate-transfer). Қаржыландыру моделі мен оның шарттары бүкіл жобаның құнына әсер етеді. Сондықтан, қаржыландыру көздері мен оның көлемі болашақ жұмыстар аясында анықталатын болады.
– Биыл атом электр станциясы салынатын жерде зерттеу жұмыстары басталды. Қазір ол аумақта қандай жұмыс жүргізіліп жатыр? Және зерттеу қашанға дейін созылады? Нақты зерттеу процесстеріне тоқталып өтсеңіз?
– АЭС құрылысына Алматы облысы Жамбыл ауданы Үлкен кентінің жанындағы аумақ белгіленді. Осы ауданда білікті мамандарды тарта отырып, алдын ала зерттеулер жүргізілді, тарихи және ғылыми құжаттар зерделенді. Ауданды бағалау АЭС салу алаңын таңдау бойынша Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (АЭХА, орысша - МАГАТЭ) басшылығында келтірілген критерийлер негізінде жүргізілді. Жалпы сипаттамалары да, нақты сипаттамалары да зерттелді. Атап айтқанда, жер сілкінісі мен су тасқыны сияқты табиғи әсерлер және антропогендік әсерлер сияқты қоршаған орта тарапынан АЭС-қа ықтимал әсер ету жолдары талданды. Осы параметрлер бойынша талдау Үлкен кентінің ауданы Қазақстанда АЭС салу үшін жарамды екенін көрсетті. Дегенімен, тағытехникалық-экономикалық негіздеме (ТЭН) дайындау бойынша жұмыстар жүргізілетін болады, онда орналастыру ауданының көптеген аспектілері қосымша пысықталып,инженерлік іздестірулер жүргізілетін болады.
Мысалы, АЭС құрылысының ТЭН-ін әзірлеу кезінде Балқаш көлінің су режиміне ықтимал теріс әсер ететін факторларды қосымша зертеу қажет. Одан басқа, көл бассейнінің гидрологиялық сенімділігі, сондай-ақ жер асты суларының режимін қарастыру сол техникалық құжаттаманы әзірлеу кезінде жасалады. ТЭН даярлау жұмыстары әлі басталмады. Негізгі, қажетті инженерлік ізденістер мен тиісті сараптамаларды жүргізу 2 жылға дейін созылуы мүмкін.
– Қазақстандағы АЭС салу бойынша халықаралық сарапшылар не дейді? Олардың пікірі қандай?
– Бұған дейін Қазақстанда Балқаш көлі маңында АЭС салу мәселесі 1997 жылы қаралған болатын. Осы жобаны қарау кезінде АЭС орналасу аудан параметрлерінің қолайлылығын АЭХА-ның арнайы миссиясы растаған. Одан басқа, 2016 жылы қазақстандық тараптың шақыруы бойынша АЭХА-ның еліміздің ядролық инфрақұрылымына кешенді шолу жөніндегі миссиясы өткізілді (ағылшынша INIR – integrated nuclear infrastructure review). Миссияның жұмысы барысында АЭС құрылысының қауіпсіздік жүйесі және қаржыландырумен, заңнамалық-құқықтық базаны дамытумен, қоршаған ортаны қорғаумен, электр желілерінің дайындығымен, білікті кадрларды даярлаумен байланысты мәселелері талқыланды. INIR миссиясы қорытындысы бойынша АЭХА арнайы есеп дайындап, АЭХА Бас директорының орынбасары Михаил Чудаков қатысуымен ресми түрде 2017 жылы қазақстандық тарапқа ұсынылған.
Осы есеп АЭХА-ның ресми сайтында ашық түрде жарияланған және Қазақстанның ядролық энергетикалық инфрақұрылымын күшейту жөніндегі іс-әрекеттер жоспарын әзірлеу кезінде маңызды болып келеді. Қазақстан Республикасының болашақтағы атомдық энергетикалық бағдарламасын дамытуда АЭХА-ның барлық ұстанымдары ескеріледі.
Тағы, 2018-2019 жылдары АЭС салудың неғұрлым қолайлы ауданы зерделенді, энергия балансының болжамды есептері жүргізілді, реактордың басым түрі мен станцияның қуаты айқындалды. Қорытындылардың дұрыстығын тәуелсіз техникалық кеңесші растады. Ол The Japan Atomic Power Company мен Marubeni Utility Services, Ltd. компаниялардан тұратын жапон консорциумы болды.
– Елімізде АЭС салуға ниетті KHNP (Оңтүстік Корея), EDF (Франция), Росатом (Ресей), NuScale Power (АҚШ), CNNC (Қытай), General Electric-Hitachi (АҚШ пен Жапонияның бірлескен компаниясы) кәсіпорындарынан ұсыныс түсті. Өткенде 4-еуі қалды дедіңіз олар несімен ерекшеленеді? Және қайсы компанияны таңдау ойда бар?
– АЭС салу мақсатында, вендорды таңдау бойынша жұмыстар әлі де жүргізіліп жатыр. Жалпы, заманауи реакторлардың 13 жобасының техникалық ұсыныстары қаралды. Елдегі алғашқы АЭС-ті салу және сәтті пайдалану үшін, тәжірибесі бар, технологиясы сыналған реакторды таңдаған жөн. NuScale Power мен General Electric - Hitachiкомпанияларының шағын модульдік реакторлық қондырғыларының бүгінгі күні жұмыс істеп тұрған прототиптері жоқ. Алайда, болашақта осы технологияларды қарастыру мәселесіне қайта оралуға болады. Осыған байланысты, алғашқы АЭС салу үшін потенциалды мердігерлер саны төртке азайды.
Негізі, АЭС-тің техникалық-экономикалық көрсеткіштерін алдын ала бағалау жұмыстары 2019 жылдан берівендорлардың техникалық-коммерциялық ұсыныстары негізінде жүргізілуде.
Ядролық-энергетикалық технологиялардың жеткізушісінтаңдау кезінде Фукусимадан кейінгі талаптарды ескере отырып, станцияның қауіпсіздігі, эксплуатация және жаңа станцияларды салу тәжірибесі, кадрларды даярлау мүмкіндіктері, оқшаулау дәрежесі, нормативтік база және құжаттама даярлығы сияқты бірқатар негізгі көрсеткіштер қарастырылады. Сондай-ақ, АЭС-ті қазақстандық отынмен қамтамасыз ету және оған қызмет көрсету мәселелері бойынша талаптар қаралып жатыр.
– Халық фобиясы: «Чернобыль секілді апат болуы», «экологиялық жағдайымыз нашарлауы», «радиация әсерінен ауа бұзылуы» т.б.
Бұған қалай жауап берер едіңіз? Жалпы, жобаны салуда алдын алу шаралары толықтай қарастырылған ба?
– Шынымен, атом электр станциясына қатысты әртүрлі қорқыныш сезімдерді тудыратын жағымсыз факторлар бар.Радиофобия пайда болу себептерімен күресу үшін АЭС салу жобасы бойынша ақпаратты барынша ашық түрде берусарапшылар қоғамының міндеті.
Ал қауіпсіздік мәселесіне тоқталатын болсақ, заманауи реакторларда радиоактивті материалдардың шығуын болдырмау үшін бірнеше дәйекті және тәуелсіз қорғаныс жүйелері қолданылады. Жаңа реакторларды жобалау кезінде көптеген тәуекелдер есептеледі. Жалпы, ұқсас деректермен салыстырсақ, қазіргі реакторлардағы ауыр апаттың ықтималдығы ұшақ апатынан қаза болу мүмкіндігінен 100 есе төмен. Сондай-ақ, тағы бір мысал: апат кезінде реактор жұмысының дербестігі 72 сағатқа дейін жетеді. Яғни, реактор адам араласуынсыз өздігінен тоқтап, үш тәулік бойы қауіпсіз жағдайда тұрады.
– Уақыт бөліп, сұхбат бергеніңізге рахмет!