Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Саясаткер Әміржан Қосановтың анасы Аққыз Қосанова өмірден өтті.
Біраз уақыт бұрын ғана саясаткер Әміржан Қосанов әлеуметтік желідегі парақшасында анасының 20 күн бұрын ауруханаға түскенін жазған.
Инсульт. Соңғы уақытта қан қысымы қатты мазалап жүр. «Жедел жәрдем», жан сақтау бөлімі, интенсивті емдеу палатасы, қайтадан реанимация. Жағдайы ауыр. 82 жаста, - деп жазған.Сонымен қатар, саясаткер қоңыраулар мен хаттарға жауап бермегеніне кешірім сұрап, аналарыңызды, өздеріңізді сақтаңыздар деген еді.
Қоғамдық істерге уақыт та, шынымды айтсам, анам үйге келгенше көңіл-күй де жоқ. Сол себепті бірнеше онлайн кездесуді, сұхбаттарды тоқтаттым. Қоңыраулар мен хаттарға жауап бермегенім үшін кешірім сұраймын! Бұдан бөлек, тауда жүгірем деп тайып кетіп, аяғымды сындырып алдым. Ауруханада жатырмын. Отаға дайындап жатыр. Аналарыңызды, өздеріңізді сақтаңыздар! – деп жазған.