Мерида қаласында (Мексика) ITF J500 бірінші санатындағы жасөспірімдер турнирі аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазақстандық Әмір Омарханов ресейлік Тимофей Дерипаскомен бірге жұптық сында жеңімпаз атанды.
Олар финалда жарыстың бірінші ракеткалары Петр Брунлик (Чехия)/Чарли Робертсонды (Ұлыбритания) 6:4, 6:1 есебімен сенімді ұтты.
Омарханов жекелей сын бойынша жартылай финалда француз Томас Фурелден жеңіліп қалды – 2:6, 3:6.