Қазақстандық теннисшілер Ванджу (Оңтүстік Корея) қаласында жасөспірімдер арасында өткен ITF J300 турнирінде табысты өнер көрсетті.
Жұптық сында жарыстың бірінші ракеткалары, қазақстандық Әмір Омарханов пен кореялық Хойонг Рох үздік шықты.
Қазақстандық-кореялық жұп финалда корт иелері Йенсу Джейонг - Джангжун Кимді айқын басымдылықпен ұтты - 6:2, 6:2.
Қыздар арасында Мәлика Әмірғалиева тайбэйлік Ю Чен Лимен бірге жұптық сында финалға дейін жетті. Олар соңғы, тартысты бәсекеде кореялықтар Йесунг Чо - Су Джонгқа есе жіберді - 6:1, 5:7, 8:10.
Жекелей сында 16 жасқа дейінгілер арасында Азия рейтингісінде көш басында тұрған Заңғар Нұрланұлы жартылай финалда осы жарыстың бірінші ракеткасы, кореялық Хойонг Рохқа жол берді - 4:6, 1:6.