Астана. BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасында Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әмина Өмірзақованың 100 жылдық мерейтойына орай "Қазақ киносының анасы" атты еске алу кеші өтті.
" Қазіргі кезде қазақ өнерінің өркенетінің және мәдениетінің бір бөлшегі Әмина Өмірзақова. Мұндай тұлғаларды ұлықтау, оларды еске алу, өмірін және өнерін халыққа жеткізу өте жақсы шара деп есептеймін. Бұл шара қазіргі кезде біздің рухани жаңғыруымызға септігін тигізетіні сөзсіз. Әмина Өмірзақованың 100 жылдық мерейтойы тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл ЮНЕСКО көлемінде аталатын болады. Ал ол кісінің өнерін білмейтін қазақ көрермені жоқ деп те айта алмаймын. Себебі бұл тұлға "қазақ киносының анасы" деген атқа ие болған. Егер қазақ киносындағы "ана" бейнесі, "әйел" бейнесі дегенде Әмина Өмірзақов еріксіз есімізге түседі. Осындан келе кино әлемінде Әмина Өмірзақованың өз орны бар", - дейді Қазақстан кинематографистер Одағының мүшесі, кинотанушы Назира Мукушева
Елбасының "Ұлы даланың жеті қыры" мақаласында қазіргі әдебиеттегі, музыка мен театр саласындағы және бейнелеу өнеріндегі тұлғалар бейнесін жасау қажеттігі айтылған. 2019 жылы "Ұлы тұлғалар" сериясының аясында халық әртісі Әмина Өмірзақованың 100 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО-ның ауқымында атап өтілетін болады.
Қазақ кино өнерінің шебері Әмина Еркожақызы 68 жыл бойы қазақ театрында 150-ге жуық рөлді ойнаған, 20-дан астам фильмге түскен. 1968 жылы экранға Ш.Аймановтың "Тақиялы періште" атты музыкалық, комедиялық фильмі шықты. Актриса ол кинода басты рөлді сомдаған. Ал 2016 жылы (Абай ауданында) қазақ теарты мен кино актрисасы Әмина Өмірзақованың 100 жылдығына арналған ескерткіш ашылды.
Фотолар: Автордан
Аягөз Абылқызы