Америкалық көкпаршының ерекше жаттығуы жұртты қызықтырды

20 Тамыз 2024, 17:52
461
Бөлісу:
Америкалық көкпаршының ерекше жаттығуы жұртты қызықтырды
PHOTO VIDEO
Фото: Ұлттық спорт қауымдастығы

Америкалық көкпаршының ерекше жаттығуы қазақстандықтарды таңқалдырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Америкалық көкпаршы Ник Уиллерттің осы күзде Астана қаласында өтетін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясындағы көкпар сайысына дайындығы әлеуметтік желіде көптің назарына түсті.

Америкалық көкпаршының ерекше жаттығуы жұртты қызықтырды

Көкпаршы дайындық барысында серкенің орнына гір тасын пайдаланып, ал жылқыны қолдан жасалған ағаш атқа алмастырған. Бейнетаспа Ұлттық спорт қауымдастығының Instagram және Tik Tok  және әлеуметтік желілеріне жарияланған еді. Видео 150 мыңнан астам қаралым жинап, көптің назарына түсті. Желі қолданушылары көкпаршыны қолдап, сәттілік тіледі.

Америкалық көкпаршының ерекше жаттығуы жұртты қызықтырды

Айта кетейік, Ник Уиллерт – көкпардан АҚШ құрамасының спортшысы, осы күзде Астанада өтетін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көкпар және аударыспақ (ат үстіндегі күрес) спорты бойынша бақ сынамақ. Сонымен қатар, Уиллерт көкпардан басқа шаңғы, серфинг және ММА спортымен шұғылданады.

Америкалық көкпаршының ерекше жаттығуы жұртты қызықтырды

2018 жылы АҚШ құрамасының қатарында көкбөрі спортына және ат үстіндегі күреске қатысқан алғашқы америкалық болдым. Ал Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында кәсіби спортшылармен бәсекеге түсу мүмкіндігіне ие болғаныма өте қуаныштымын. Мінекей, менің Қазақстанға барсам деген арманым орындалмақ. Талай уақыттан бері бұл мекенге саяхаттауды жоспарлап едім, енді осы мүмкіндік үшін алғыс айтқым келеді. Әрине, көпшілік АҚШ спортшыларын көкпар мен ат үстіндегі күресте оңай қарсылас санауы мүмкін. Десе де бар мүмкіншілігімізді көрсетіп, деңгейіміздің өскенін дәлелдей аламыз деп ойлаймын, - деп атап өтті спортшы.

Америкалық көкпаршы бұған дейін 2018 жылғы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында және 2020 жылы көкбөрі спортынан чемпионатта өнер көрсетіп үлгерген.

Америкалық көкпаршының ерекше жаттығуы жұртты қызықтырды

Көкпар бәсекесі 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында 9-12 қыркүйек аралығында «Қазанат» ипподромында өтеді.

Америкалық көкпаршының ерекше жаттығуы жұртты қызықтырды

Еске сала кетейік, Республикалық «Көкпар» федерациясы Ұлттық спорт қауымдастығының құрамына кіреді. Қауымдастық құрамында бұдан өзге «Бәйге», «Садақ ату», «Теңге ілу», «Аударыспақ», «Жамбы ату», «Құсбегілік», «Асық ату», «JORYQ» ат спорты және т.б. федерациялар бар. Ұлттық спорт қауымдастығын Исламбек Салжанов басқарады.

Америкалық көкпаршының ерекше жаттығуы жұртты қызықтырды

Атап өтейік, 8-13 қыркүйекте Астана қаласында 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Іс-шараға 89 елден 2000-нан астам спортшы қатысады деп жоспарлануда. 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының Бас демеушісі - ALAGEUM ELECTRIC, Ойындардың Бас серіктесі - Halyk Bank. Астанада өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында барлығы 21 спорт түрінен 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

Өзгелердің жаңалығы