Америкалық әнші Алматының табиғатына тамсанды

17 Мамыр 2024, 12:05
3154
Бөлісу:
Америкалық әнші Алматының табиғатына тамсанды
Фото: nicolescherzinger инстаграмынан

Танымал әнші Николь Шерзингер әлеуметтік желідегі өзінің парақшасында Алматының таулары мен күн шығып келе жатқан сәтін түсіріп алған көріністермен бөлісті, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Күні кеше Алматыда Никольдің концерті өтті. Әлеуметтік желіде қала тұрғындары мен қонақтары концерттен алған әсерін жарыса жариялап жатыр. 

Бәріне сәлем! Мен қазір ғана келдім. Менің қайда екенімді табыңдаршы. Мына көрініске қараңдар! Қандай тамаша, күн шығып, айнала жарқырап тұр. Мен Қазақстанға келдім. Мен сондай қатты толқып тұрмын. Себебі бүгін концерт өтеді. Мен бұл жерден қазірдің өзінде кеткім келмейді, – деді әнші өзінің парақшасында.

Өзгелердің жаңалығы