Америкадан келген ғалым қоршаған ортаны қорғауды үйретіп жатыр

13 Маусым 2022, 13:36
847
Бөлісу:
Америкадан келген ғалым қоршаған ортаны қорғауды үйретіп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қоршаған ортаны қорғау ғылымының маманы, америкалық оқытушы, жас ғалым Алишиа Прессел елімізге келді. Ол Көкшетаудағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары мен мұғалімдері үшін «Young Explorers-2022» зерттеу курсын өткізіп жатыр деп хабарлайды білім ордасының баспасөз қызметі. 

Жас ғалым National Geographic Emerging Explorer 2020 конкурсының жеңімпазы, қоршаған ортаны қорғау ғылымының нағыз маманы деуге болады. 

Төрт күндік курс барысында «5 E моделі арқылы бағдарланған-проблемалық оқыту», «Global «Plastics Pollution – пластикпен ластану мәселелері», «GeoInquiry процесі және зерттеу сұрақтарын қалай құру керек?», «StoryMaps технологиясын енгізу» тақырыптарында қызықты практикалық дәрістер өткізу жоспарланған. 

Алишиа Прессел – National Geographic Emerging Explorer 2020 конкурсының жеңімпазы. Бұл марапат әлемнің түкпір-түкпіріндегі зерттеушілерге планетамызды сақтау үшін қоршаған орта проблемаларын ғылым, білім және көрнекі баяндау (сторителлинг) арқылы қалың көпшілікке жеткізу жолында атқарып жүрген қажырлы еңбегі мен күш-жігері үшін беріледі. 

Ғалым АҚШ-тың Флорида штатындағы Джексонвилл қаласының Creekside High School мемлекеттік мектебінде қоршаған орта ғылымы жөніндегі оқытушы болып жұмыс істейді. National Geographic Emerging Explorer конкурсының 18 жылдық тарихында оқытушылар арасында осы марапатқа ие болған екінші адам. Ол сондай-ақ National Geographic Society жанындағы Мұғалімдердің консультативтік кеңесінің мүшесі, сертификатталған оқытушы. 

Өзгелердің жаңалығы