Амбулаториялық жағдайдағы емделушілердің дәрісіне 105 млрд теңге жұмсалды

14 Наурыз 2019, 18:15
1776
Бөлісу:
Амбулаториялық жағдайдағы емделушілердің дәрісіне 105 млрд теңге жұмсалды

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бұл жөнінде Орталық коммуникациялар қызметінде өткен Дәрілік заттар және дәрілермен қамтамасыз ету өтінімдері туралы брифинг барысында мәлім болды. 


«Өткен айдың соңында жабдықтаулар бойынша ұзақмерзімді келісімшарт жасауға арналған конкурстың қорытындысын шығардық. Конкурсқа 24 әлеуетті жабдықтаушы қатысты. Өткен жылы біз конкурс номенклатурасын бекіткен болатынбыз. Онда 3 мыңға жуық медициналық бұйымның атауы болатын. Конкурс қорытындысы бойынша 15 отандық өндіруші маңызды инвестициялық артықшылыққа ие болып, алдағы 4 жыл бойы 2 668 медициналық бұйым елдегі бірыңғай дистрибьютер арқылы медициналық мекемелерге жеткізілетін болады», - деді ҚР ДСМ Фармация комитетінің төрайымы Людмила Бюрабекова. 

Оның айтуынша, конкурс қорытындысы бойынша 60 астам отандық өндірушімен ұзақ мерзімді келісімшарт жасалған. 

«Тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін жалпы 2019 жылғы тізімге сәйкес 1 184 позицияны құрап отыр. Бұл диспансерлік есепте тұрған, сондай-ақ, стационарлық емдеудегі жалпы емделушілерге қатысты. Тегін дәрі-дәрмекпен уақытылы қамтамасыз ету мақсатында 2018 жылдың тамыз айынан бастап сатып алу рәсімдері басталған болатын және күні бүгінге дейін медициналық мекемелерге толығымен жеткізіліп жатыр. Жалпы, осы мақсатқа ағымдағы жылға бөлінген қаражаттың 94 проценті бойынша сатып алулар орындалды», - ҚР ДСМ Фармация комитеті төрайымының орынбасары Ержан Жүнісов. 

Ол емделушілерді амбулаториялық жағдайда тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің мән-жайына  тоқталды. 

«Бұл жерде бірыңғай дистрибюция жүйесі арқылы 45 назология бойынша дистрибьютерлер тарапынан қамтамасыз етілуде. Медициналық ұйымдар жалпы 499 дәрі-дәрмек аталымына қажеттілік жайында мәлімдеген болатын. Ол 105 млрд теңгеден астам қаражатты құрап отыр. Ал диспансерлік есепте тұрған емделушілерді тегін дәрімен қамтамасыз ету үшін бүгінгі күнге дейін 25,5 млрд теңгеге дәрі-дәрмек сатып алынды және жөнелту белсенді жүргізілді», - деді Жүнісов.
Ақмарал Шағатай
Өзгелердің жаңалығы