Аманжол Әлтай баласы тастап кеткен қариялардың мәселесін көтерді

Бөлісу:
Аманжол Әлтай баласы тастап кеткен қариялардың мәселесін көтерді
VIDEO
Фото: Артём Чурсинов - архив

Бурабайда IV Ұлттық құрылтайдың отырысы аясында секциялар өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мәжіліс депутаты, Ұлттық құрылтай мүшесі Аманжол Әлтай қоғамдағы өзекті мәселені көтерді.

Қабырғамызға бататын мәселенің бірі – қарттар үйінің көбейіп бара жатқаны. Тасбауырланған, безбүйректенген қоғамда жасы қартайған кісілердің қарттар үйіндегі қиын жағдайы қабырғамызға батуы керек. Артында баласы жоқ қариялардың қарттар үйіне баратыны түсінікті. Ал мемлекеттік қызметте, кәсіпкер болып жүрген әлеуеті жоғары балалары бар қариялардың да қарттар үйін паналап жүргені жасырын емес. Осындай келеңсіздікті жою үшін не істеуіміз керек? Қарттар үйіндегі қариялардың қазіргі жағдайы қалай? - деді депутат.

Мәжіліс депутаты қарттар үйінде ақылға қонбайтын келеңсіз жайттар да кездесетінін айтты.

Бұған дейін биылғы Ұлттық құрылтайда қандай мәселе көтерілетіні жайлы хабарладық. Ұлттық құрылтай өткізуге Бурабай дайын.

Депутат Аманжол Әлтай Ұлттық құрылтайға қоғамға пайдалы ұсыныстарын алып келді.

Өзгелердің жаңалығы