Амандық Баталов ауруханадан шықты

12 Шілде 2020, 18:01
1496
Бөлісу:
Амандық Баталов ауруханадан шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысының әкімі Амандық Баталов ауруханадан шықты. Бұл туралы әкім Instagram-дағы парақшасында жазды.

Бүгін ауруханадан шықтым. Өз тарапымнан мені қолдап, көңіл білдірген жерлестеріме, достарыма және туған-туыстарыма алғыс білдіремін.
Ал, ақ халатты абзал жандарға айтар алғысым ерекше. Олардың ерлік ерлікке теңерлік еңбегі мен ісіне деген адалдығына тәнті болдым.
Енді жұмысқа кірісіп, сіздермен бірге індетпен күресті жалғастырмақпын. Бір жеңнен білек шығарып қана осы дерттің бетін қайтара аламыз. Өздеріңізге және жақындарыңызға саулық тілеймін, - деп жазды Баталов.

Еске салайық, 22 маусымда Амандық Баталовтың коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Шілденің басында ол ентігу және және жүрек жеткіліксіздігіне байланысты Нұр-Сұлтанға жеткізілді.

Ал 10 шілдеде әлеуметтік желілерде Амандық Баталовтың қазасы туралы ақпарат тарала бастады. Облыс әкімдігі бұл ақпаратты жоққа шығарды және жалған ақпарат таратушыларының жеке басы жауапкершілікке тартылатындығын мәлімдеді.

Өзгелердің жаңалығы