Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысының Жарлығымен Амандық Ғаббасұлы Баталов Алматы облысының әкімі лауазымынан босатылды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Амандық Баталовқа Алматы облысының әкімі лауазымында көп жыл жемісті қызмет атқарғаны, өңірді дамытуға және облыстың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыруға елеулі үлес қосқаны үшін алғыс білдірді, - деп жазды Прзиденттің баспасөз хатшысы Берік Уәли.
Амандық Баталов 1952 жылы Өзбек КСР Нүкісте дүниеге келген.
Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын бітірген.
1981-1985 жылдары - «Алматыөңдеуқұрылыс» тресінің №37 құрылыс-монтаж басқармасында аға прораб, бас инженер, бастық.
1985-1987 жылдары - Қазақстан Компартиясы Ленин аудандық комитетінің нұсқаушысы Құрылыс және өндірістік құрылыс материалдары қызметкерлері кәсіподағы Алматы облыстық комитетінің хатшысы Қазақстан КП Алматы қалалық комитетінің құрылыс және қала шаруашылығы бөлімінің нұсқаушысы.
1987-1989 жылдары - құрылыс және өнеркәсіптік құрылыс материалдары облыстық комитетінің төрағасы.
1989-1991 жылдары - Қазақ КСР Министрлер Кеңесі Іс басқармасының құрылыс, өнеркәсіп құрылыс материалдары бөлімінде жетекші маман, бас маман.
1991-1992 жылдары - Президент аппаратында құрылыс, өнеркәсіптік құрылыс материалдары бөлімінің референті.
1992 жылы - «Құрылыс индустриясы және технология» концернінің вице-президенті.
1992-1994 жылдары - Алматы қаласы Калинин ауданы әкімшілігі басшысының орынбасары, бірінші орынбасары.
1994-1995 жылдары - Ленин аудандық әкімшілігінің әкімі.
1995-2001 жылдары - Алматы қаласы Жетісу ауданының әкімі.
2001-2008 жылдары - Алматы облысы әкімінің орынбасары.
2008 жылдан Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарды.
2014 жылдың тамыз айынан бер Алматы облысының әкімі болды.