Аманаттықтар тиімді әрі есеп беретін үкімет құруға уәде берді

10 Наурыз 2023, 23:04
762
Бөлісу:
Аманаттықтар тиімді әрі есеп беретін үкімет құруға уәде берді
Фото: kznews.kz

Бұл туралы Amanat партиясының мүшесі Айдос Сарым КТК телеарнасының тікелей эфирінде өтіп жатқан теледебатта мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Мәжіліске өтсек, біз өте тиімді әрі жауапты есеп беретін үкімет құрамыз. Президенттің курсын іске асыруға бағытталған экономикалық және әлеуметтік заңдар пакетінің өтуін қамтамасыз етеміз. Үкіметтен есеп сұраймыз және ол біздің жауапкершілігімізде болады, - деп атап өтті Айдос Сарым. 

Айтуынша, Amanat партиясының депутаттары партияның сайлауалды бағдарламасының әр тармағы үшін жеке жауап береді. 

Екі жыл ішінде бес жылға арналған сайлауалды бағдарламаның үштен бірін орындадық. Қазір аудандар мен ауылдардың бюджетіне дейін жазылған бағдарламамен сайлауға барамыз. Amanat рейтинг үшін жұмыс істемейді. Себебі рейтинг деген – субъективті дүние, - деді партия мүшесі. 

Еске салайық, бүгін КТК телеарнасында биылғы Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының сайлауына қатысатын саяси партиялар арасындағы пікірсайыс кеші өтті. Оған жеті саяси партияның мүшелері қатысты. 

Өзгелердің жаңалығы