AMANAT ұсынған кандидаттар тіркелді

14 Ақпан 2023, 16:44
1169
Бөлісу:
AMANAT ұсынған кандидаттар тіркелді
PHOTO
Фото: автордан

Бұл туралы Астана қаласы аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Бақыт Бектемісова комиссия отырысында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

«AMANAT» партиясы Астана қалалық филиалының партиялық тізімінде ұсынылған мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркедік. Партиялық тізімде – 33 кандидат. Барлық кандидаттың заң талаптарына сәйкестігі анықталды. Партиялық тізімнің 30 пайызы, яғни 11 адам әйелдер мен жастар екеніне көз жеткіздік, – деді сайлау комиссиясының төрайымы.

Ол сондай-ақ «AMANAT» партиясының сайлау жарнасынан босатылғанын атап өтті.

2021 жылғы 10 қаңтарда өткен Астана қаласы мәслихатының депутаттарын сайлауда дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 5 пайыздан артығын, негізінен 23,61 пайызды құрайтын дауыс санын алуына байланысты «AMANAT» партиясының Астана қалалық филиалы сайлау жарнасын төлеуден босатылады, – деді ол.

AMANAT ұсынған кандидаттар тіркелді

Жалпы Астана қаласы мәслихатының депутаттығына партиялық тізімдер бойынша 6 партия өз кандидаттарын ұсынды. Оның ішінде “Қазақстан халық партиясы”, “Ақжол”, “Аманат” партияларының кандидаттары тіркелді.

Қалған 3 партиядан қажетті құжаттарды күтіп отырмыз. Құжаттар сәйкестіктен өткеннен кейін кандидаттың өзі және жұбайы декларация тапсырвп, әр кандидат үшін 350 мың теңге мүшелік жарна енгізу керек, – деді Бектемісова.

Өзгелердің жаңалығы