AMANAT-қа Adal болу. Сәуле Досжан екі партияға қатысты пікір білдірді

26 Сәуір 2022, 20:11
2363
Бөлісу:
AMANAT-қа Adal болу. Сәуле Досжан екі партияға қатысты пікір білдірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы Сәуле Досжан AMANAT партясына Adal-дың қосылуы туралы пікір білдірді.

Бүгін AMANAT партиясының съезін тарихи оқиға деп атауға болады. AMANAT Партиясына Adal партиясы қосылды. Символикалық жағынан қарағанда Амантқа адал болу дегенді білдіреді. Nur Otan партиясының атауы AMANAT болып өзгеруін қолдадым. Себебі қазақ үшін аманаттың рөлі бөлек. Осы парияға адал қызмет етейік, үлес қосайық деген көзқараста болдым. Жалпы соның нәтижесі деп қабылдаймын, – деді Досжанова.

Оның айтуынша, Жаңа Қазақстан әділетті дегенді білдіреді.

Қаңтар оқиғаларынан кейін де Президентіміз қолға алған істерді 3 айда атқарды. Халық оған куә болып отыр. Бүгін партияның төрағалығынан кетіп, оны халыққа тапсырғандай болды. Оның төрағалығына келген Қошанов мырза халық сайлайтын депутаттарды басқарады. Сондықтан ауқымды жұмыс атқарылады деп сенеміз, – деді ол.

Сәуле Досжан  атап өткендей, AMANAT партиясы халықтың жайын ойлаған партия болмақ.

Бұл екі партияның қосылуын жақсылыққа жорып отырмын. Аманатқа адал болып жұмыс істейік. Әлем партияларында бір-біріне қосылу тәжірибесі бар. АҚШ, Германия елдерінің партиялары қосылып жататын. Бұл демократиялық елдерде болатын үрдіс. Енді бізге де келіп отыр. Adal партиясының атқарған қызметі де аз емес. Екі партияның қосылуы табысты болады деп ойлаймын. Екі партияның басында да белді, мықты азаматтар отыр. Сондықтан халықтың сөзін сөйлейтін партия – менің партиям, – деді Сәуле Досжан.

Өзгелердің жаңалығы