AMANAT партиясының атынан 2700 азамат сенімді өкіл ретінде тағайындалды

2 Қараша 2022, 20:50
2205
Бөлісу:
AMANAT партиясының атынан 2700 азамат сенімді өкіл ретінде тағайындалды
PHOTO

Киелі аймақта сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары белсенді түрде жүргізіліп жатыр. Бүгінгі таңда өңірде бір миллион 165 мың 900 сайлаушы бар, дауыс беру күні азаматтарға 919 сайлау учаскесі қызмет көрсететін болады, деп хабарлайды Түркістан облысының BAQ.KZ тілшісі.  

AMANAT партиясының атынан 2700 азамат сенімді өкіл ретінде тағайындалды

Айта кетейік, осы сайлау учаскелерінде 2700-дей азамат «AMANAT» партиясының атынан сенімді өкіл ретінде тағайындалды. Бекітілген сенімді өкілдердің жұмысын дұрыс жүргізу мақсатында аудандар бойынша 17, ал қалалық жерде 192 адам жұмыс істейді. 

AMANAT партиясының атынан 2700 азамат сенімді өкіл ретінде тағайындалды

Еске салсақ, 22 қазан күні мемлекет басшысы болуға үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдайтын коалиция құрылды және рухани өңірде қоғамдық штаб ашылып, өз жұмысын бастаған болатын. Осыған орай, Президенттікке үміткердің саяси науқан алдындағы бағдарламасын жан-жақты насихаттау барысында облыста 18 штаб және 589 сенімді өкіл үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуді қолға алды. Олардың арасында «Ақ Жол» партиясының 17 және Қазақстанның Халықтық партиясының 4 өкілі бар. Ал насихаттау барысында штаб мүшелері 1800-ден аса іс-шараларға қатысатын болады.  

AMANAT партиясының атынан 2700 азамат сенімді өкіл ретінде тағайындалды

Өз кезегінде ел басшысы болуға үміткер Қ.К.Тоқаевтың Түркістан өңіріндегі штаб төрағасы Бейсен Дәулетұлы бекітілген медиа-жоспарға сәйкес әлеуметтік желілерде сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстарының барысы туралы ақпараттар тұрақты әрі күнделікті жарық көріп жатқанын атап өтті. 

AMANAT партиясының атынан 2700 азамат сенімді өкіл ретінде тағайындалды

Сайлауалды дайындығымыз қарқынды түрде жүргізілуде. Атап айтар болсам, партия филиалы тарапынан сайлаушылардың 76 пайызын қамтитын 4819 іс-шараның желілік кестесі бекітілді. Қазірге дейін осы іс-шаралардың 2482-сін өткізіп үлгердік, басқосуларға 360 мыңнан астам адам қатысты.  Бұл көрсеткіш бойынша Түркістан облысы республика көлемінде көш бастап тұр деген сеніммен айта аламын, себебі аймақта өзіңіз білесіз халық саны көп, - деді Түркістан облыстық қоғамдық штабының төрағасы Бейсен Тәжібаев.

AMANAT партиясының атынан 2700 азамат сенімді өкіл ретінде тағайындалды

Алдағы саяси науқанды жоғары деңгейде ұйымдастыру мақсатында аталған партия қазір де белсенділікпен жұмыс істеп жатыр. 

AMANAT партиясының атынан 2700 азамат сенімді өкіл ретінде тағайындалды
Өзгелердің жаңалығы