"AMANAT" партиясы бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында республика деңгейінде өтетін дәстүрлі байқаудың басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің әлеуетін арттыруға бағытталған ашық байқауда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей бастамасымен жүзеге асырылып жатқан реформалар, «Адал азамат», жастардың қоғамдағы рөлі, Алаш қозғалысы секілді негізгі тақырыптар қамтылады.
"AMANAT МЕДИА СЫЙЛЫҒЫ" БАҚ жанрлары бойынша емес, тақырыптық бағыттар бойынша ұсынылған үздік жұмыстарға беріледі.
Өтінімдер 28 мамырдан 20 маусымға дейін қабылданады. Биылғы байқаудың үздіктері "AMANAT" медиа сыйлығы мүсіншесімен және қаржылай сыйлықпен марапатталады.
Байқау жеңімпаздары екі бағыттағы он номинация бойынша анықталады.
Тақырыбы бойынша номинациялар:
1) "Еліміздегі реформалар туралы үздік материал";
2) "Адал азамат» туралы үздік материал";
3) "Жастар туралы үздік материал";
4) "Аймақ туралы ең үздік материал";
5) "Партия жұмысы туралы үздік материал";
6) "Алаш қозғалысы туралы үздік материал";
7) "Біз біргеміз" – су тасқынымен күрес туралы үздік материал".
Арнайы сыйлықтар:
- Шерхан Мұртаза және Камал Смайылов атындағы "Телевизия үздігі" сыйлығы;
- "Белсенді азаматтық ұстанымы үшін" сыйлығы;
- Қаныш Сәтбаев атындағы "Ғылым әлемі" сыйлығы.
Толық ақпаратты amanatpartiasy.kz сайтынан алуға болады.
Байланыс үшін: 8-7172-70-76-25, 8-7172-70-76-28, 8-7172-24-95-02