Қазақстанның соңғы жаңалықтары

"Аман алып қалуға болатын еді": Сотта марқұм Ғайыпбаевтың жауабы көрсетілді

22 Мамыр 2025, 17:42
1011
Бөлісу:
 Жоғарғы сот баспасөз қызметі
Фото: Жоғарғы сот баспасөз қызметі

Талдықорғанда Шерзат Болаттың өліміне қатысты сот процесі жалғасып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Сот отырысында сотталушы Равиль Сәкиев пен жәбірленуші марқұм Нұрқанат Ғайыпбаевты беттестіру кезінде түсірілген бейнежазба көрсетілді.

Камерада көргеніміздей, мені қыз әрі қарай алып кетті. Артынан анықталды ғой, пышақ Абзал мен Шыңғыста болған. Ол кезде байқамадым, пышақты ешкімнен көрмедім. Жағдай болып, (оқиға орнынан – ред.) кеткеннен кейін Абзал айтты: "Мен бір баланы пышақтап жібердім. Не істедік? Қайтыс болып кетті" деді. Ал марқұм Шерзатты қарумен кім ұрғанын білмеймін. Артынан барғанда Нұрқанат жатты, оны қарумен Нұрқияс ұрып жатты, - деп жауап береді Сәкиев.

Ал Шерзаттың ағасы, марқұм Нұрқанат Ғайыпбаев інісін аман алып қалуға болатынын жеткізген. 

Өзім "медик" болғаннан кейін білемін. Баланың аузынан қан кетіп жатты. Былайша айтқанда, сыртқы ашық пневмоторакс болды. Жарақатты қолыммен жауып, барынша қанды тоқтатуға тырыстым. Баланы алып қалуға болатын еді... Бұлар барынша келіп "добивать" етпегенде... Барынша тігінен ұстап, жаным шығып айғайладым. Қолдарында пышақ көрдім. Кәдімгі бәкі, 20 сантиметрдей, - дейді Нұрқанат Ғайыпбаев.

Сот отырысында 10 минутқа үзіліс жарияланды.

Өзгелердің жаңалығы