Амал мерекесі игі құндылықтарды дәріптейтін жалпыұлттық мейрамға айналды - Әшімбаев

14 Наурыз 2022, 10:33
1981
Бөлісу:
Амал мерекесі игі құндылықтарды дәріптейтін жалпыұлттық мейрамға айналды - Әшімбаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сенат спикері Мәулен Әшімбаев Амал мерекесімен құттықтады. 

Баршаңызды Амал мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!Амал – жаңа жылдың жаршысы, әз-Наурыздың басы. Бүгінде бұл күн елдің береке-бірлігін арттыратын, ізгілік пен мейірімділік сияқты игі құндылықтарды дәріптейтін жалпыұлттық мейрамға айналды. Соңғы жылдарда Ұлыстың ұлы күнін дәл осы мерекеден бастап атап өтуіміз соның жарқын көрінісі, - деді ол. 

Әшімбаев атағандай, қазіргі таңда Наурыз мейрамының мазмұнын одан әрі байыта түсуге баса мән беріліп жатқаны белгілі. 

Бұл үрдістің «Жаңа Қазақстан» құру жолында да маңызы зор. Себебі елдік мұрат пен ұлттық мүдде қашанда бәрінен биік тұрады. Сондықтан тарихи сананы жаңғыртуға септігін тигізетін осындай салт-дәстүріміз әрдайым айрықша мәнге ие.Шын мәнінде, бұл – қыстан аман шыққан ағайынның арқа-жарқа болып, көрісіп, күлімдесетін күні. Жанға шуақ сыйлайтын осынау мерекемен құттықтай отырып, әр шаңыраққа шаттық, амандық және бақ-береке тілеймін. Амал құтты болсын, ағайын, - деді Мәулен Әшімбаев.

 

Өзгелердің жаңалығы