Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алжирдің Тизи-Узу провинциясында орман өртінен 7 адам қаза тапты деп хабарлайды «Хабар 24».
Тағы 2 тұрғын ауыр жарақат алған. Бұл туралы жергілікті азаматтық қорғаныс қызметіне сілтеме жасаған «Әл-Жазира» телеарнасы хабарлады. Тілсіз жау жалмаған бірнеше үй күлге айналған.
Табиғи апат аймағынан шұғыл көшірілген тұрғындар мектептердің ғимаратына орналастырылған. Жалпы ел бойынша 14 провинцияның аумағында өрт болып жатыр. Мамандарға халықтың арасынан жасақталған еріктілер көмектесуде.