Алып Алтын Орданың мұрагері қазақ халқы - Мемлекет басшысы

15 Желтоқсан 2021, 16:32
1992
Бөлісу:
Алып Алтын Орданың мұрагері қазақ халқы - Мемлекет басшысы

Нұр-Сұлтан,BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған салтанатты іс-шарада ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.

 Алтын Орда орта ғасырдағы алып мемлекет ретінде белгілі. Қазақ халқы осы ұлық ұлыстың тікелей мұрагері болып саналады.

Алтын Ордадан кейін тарих төріне Қазақ хандығы шықты. Қазіргі таңда Қасым ханның қасқа жолын, Есім ханның ескі жолын, Әз Тәукенің Жеті жарғысын білмейтін қазақ кемде-кем шығар. Мемлекеттілігіміздің берік тұғыры болған дала заңдары ел жадында сақталып, бүгінгі күнге дейін жетті, - деп атап өтті Президент.

Мемлекет басшысы халқымыз күрделі сәттерде жұмыла білгенін, оның дәлелі «Бұланты, Орбұлақ және Аңырақай шайқастары осыған  айғақ дәлелі екенін айтты.

Алаш арыстары дербес мемлекет құру үшін жанын пида етті. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде ел азаматтары майдан даласында ерлікпен шайқасты. Кеңес заманында зиялыларымыз тіліміз бен ділімізді сақтап қалу үшін аянбай еңбек етті. 60-жылдарда төл мәдениетіміз ерекше дамып, қазақ әдебиетінде таланттар шоғыры қалыптасты. Бірегей туындылар дүниеге келді. Көркем шығармалар ұрпақ санасын оятып, жақсылыққа жетелейтін тәрбие құралына айналды, - деді Мемлекет басшысы.

Өзгелердің жаңалығы