Ғалымдарды гранттық қаржыландыру басталды – БҒМ

29 Қаңтар 2019, 12:59
2547
Бөлісу:
Ғалымдарды гранттық қаржыландыру басталды – БҒМ

Астана, BAQ.KZ. Еліміздің ғалымдары гранттық және бағдарламалы-нысаналы қаржыландыру аясында алғаш рет 2019 жылғы қаңтар айынан бастап қаржыландыру алады. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінен хабарлады. 

«Ғылыми жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асырушы қазақстандық ғалымдар қаржыландыруды ел тарихында алғашқы рет ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап алады. Осы мақсатта ҚР Бюджеттік кодексіне, Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, ғылыми жобалар мен бағдарламаларды базалық, гранттық және бағдарламалық-нысаналықаржыландыру ұзақ мерзімді келісімшарттары бойынша қаржыландыру аванстық төлем келісімшарт сомасының 50 пайызы мөлшерінде жасалады», - делінген салалық ведомсвтоның хабарламасында.

Айта кетейік, 2018 жылдың желтоқсан айынан бастап ғылыми немесе ғылыми-техникалық қызмет субъектілерімен шарт сомасының 50 пайызы мөлшерінде алғы төлемі бойынша қосымша келісімшарт жасасу бойынша жұмыс атқарылған болатын. Бұрын-сонды аванс мөлшері 30 пайызды құрап, жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асырылуы 5-7 ай және қаржыландыру наурыз-мамыр айларында жүргізілген.

«Жаңа өзгертулер жылдың басынан бастап шарт талаптарына сәйкес ғалымдарға сапалы және толық көлемде міндеттерді іске асыруға, сондай-ақ қазірдің өзінде ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап жобалар мен бағдарламалардың орындаушыларына еңбекақы төлеуге мүмкіндік береді, сонымен қатар жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асырылуы 10 айды құрайтын болады», - деді министрліктен.

Өзгелердің жаңалығы