Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сал болып қалған жандар енді аяқтан тұрып кете алады, деп хабарлады 24.kz.
Ол үшін ғалымдар экзосүлде деп аталатын роботтандырылған жүйе ойлап тапты. Еуропалық дәрігерлердің айтуынша, бұл құрылғы науқастың миына орнатылатын чиптер арқылы жұмыс істейді. Яғни чип арқылы құрылғыға сигнал келіп түседі. Сөйтіп роботтандырылған жүйе қадам жасап, қимылдай бастайды. Әзірге экзосүлде ғылыми тәжірибе жүзінде қолданыста.