Ғалымдар фермерлерге онлайн кеңес беріп жатыр

21 Сәуір 2020, 14:35
1610
Бөлісу:
Ғалымдар фермерлерге онлайн кеңес беріп жатыр

Нұр-Сұлтан,  BAQ.KZ.  Аграрлық сала ғалымдары қазіргідей төтенше жағдай кезінде егін егу науқанына байланысты  фермерлерге әлеуметтік желілер мен жедел хабарламалар арқылы кеңес беруде. 

ҚазАТУ баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, елдегі төтенше жағдайға байланысты елордадағы аграрлық университеті ҚазАТУғалымдары "Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы" АҚ  ғалымдарымен бірлесе отырып Facebook, Instagram, Telegram, Ютуб каналы және басқа интернет-ресурстар арқылы фермерлерге қашықтықтан консультациялар ұйымдастыруда. 
30 наурыздан бастап  ҚазАТУ-дың мамандары ауыл шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығына байланысты ауқымды мәселелерді  ғылыми тұрғыдан шешу мақсатында  55 мың фермерге көктемгі дала жұмыстарына дайындық бойынша осыған дейін 7 онлайн-кеңес өткізді. Алда әлі де бірнеше рет онлайн кеңес беру жоспарлануда. Ғалымдардың арнайы егін шаруашылығындағы өндірістік қорғау мен топырақ құнарлылығын арттыру мен тыңайтқыштарды пайдалануға байланысты арнайы кеңестер жасап, университетінің ютуб каналы мен өзге де әлеуметтік желілер арқылы жіберілуде, - делінген хабарламада.

Негізінен интернет арқылы консультациялар сұрақ-жауап түрінде жүргізілуде. Сонымен қоса фермерлерді элиталық тұқымдармен қамтамасыз ету, тыңайтқыштарды дұрыс қолдану, паразиттер мен ауруларға қарсы агрохимиялық шаралар жүргізу, ұрықтандырудың жасанды технологияларын енгізу, жердің құнарлығын жақсарту және басқа да мәселелер ерекше қызықтырып отыр. Осыған дейінгі жылдарда ғалымдар шаруа қожалықтарына барып түрлі семинарлар, дөңгелек үстелдер, конференциялар ұйымдастырып отырған. Биылғы жағдайға байланысты барлық жағдай қашықтықта өтуде. 

Мұндай мүмкіндік өз кезегінде тиімді де болып отыр дейді фермерлер. Себебі семинар отырысына арнайы келмей ақ шаруа қожалығының басында отырып қатысу мүмкіндігі бар.

Шаруалар өздерін толғандырған сұрақтарын кеңес барысында қойып, ғалымдардан тұщымды жауап алуда. Онлайн кездесуден кейін ғалымдар жеке ұсыныстары мен тұжырымдамаларын фермерлердің электронды поштасына жолдады.
Қазір егіс жұмыстары жүріп жатқан кезіде фермерлерге қолдау көрсету өте маңызды. Тіпті кезек күттірмейтін шаруа. Біз барлық мүмкіндіктерді пайдалана отырып заманауи технологиялардың көмегімен Қазақстанның фермерлеріне қажетті кеңестер беріп отыруды тоқтатпаймыз, – деді басқарма төрағасы Ақылбек Күрішбаев.
Кеңес беру кезінде университетінің ғарыш ақпараттық жүйелер орталығында сақталған ақпараттар үлкен көмек келтіріп отыр. Себебі осыған дейін университетінің аталмыш орталығы ғарыштан жерді зонттау жүйесі арқылы елдің орталық және солтүстік аймақтарында түрлі ғылыми-зерттеу реттеу жұмыстарын жүргізу кезінде топырақ деңгейі, өсімдіктер мен зиянкестер барысында мол ақпарат жинақтаған.  Аталмыш ақпараттар ғалымдар мен шаруашылықтардың арасындағы байланыс кезінде таптырмас құрал болып отыр.



Өзгелердің жаңалығы