Алуа Байқадамова жас зерттеушілермен кездесті

29 Наурыз 2023, 19:05
1431
Бөлісу:
Алуа Байқадамова жас зерттеушілермен кездесті
PHOTO

Алуа Байқадамовамен жас зерттеушілердің кездесу өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві Алматы қаласы Білім басқармасымен бірлестікте, қаладағы жалпы білім беретін мектептердің оқушылары арасында «Менің отбасымның тарихы архив құжаттарында» атты ІІ байқауын жариялаған болатын. Аталмыш байқау өткен жылы Балалар жылы аясында бастау алған болатын. 

Алуа Байқадамова жас зерттеушілермен кездесті

Биылғы байқаудың да ерекшеліктері өзгеше болмақ. Іс-шараның мақсаты – жалпы білім беретін оқу орындары оқушыларының интеллектуалдық және тұлғалық дамуы, олардың тарихты оқыту саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының әдістері мен тәсілдерін меңгеруі, жастарды Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасын, ұлттық тарихқа қатысты деректі дереккөздерді, туған жер, отбасы туралы деректі дереккөздерді зерттеу мен сақтауға тарту болып табылады.

Алуа Байқадамова жас зерттеушілермен кездесті

2023 жылғы 29 наурызда Архив мектептік оқу-зерттеу жұмыстарының байқауының қатысушыларына арнап үшінші кездесуді Әскери-тарихи музейдің басшысы, генерал-майор Панфиловтың немересі Алуа Байқадамованың қатысуымен ұйымдастырды.

Алуа Байқадамова жас зерттеушілермен кездесті

Кездесу барысында Алауа Бақытжанқызы өзінің отбасының тарихы туралы ағынан жарылып айтып шықты. Оның атасының, әке-шешесінің басынан кешкен оқиғалары мен ерлікке қанық жеңімпаздық жолы қатысушыларды бірден баурап әкетті. Қазіргі қызмет етіп отырған Әскери-тарихи музейді анасы Панфилова Валентина Ивановнаның қалай негізін салғаны туралы баяндап, оның Ұлы Отан соғысы жылдарында дивизияның алдыңғы қатардағы медбикесі болып жүріп үш рет жараланғанын, «Красная Звезда», «Отечественная война», «За Отвагу» медалімен марапатталғанын зор мақтанышпен айтып өтті. Аналарының қызметін жалғастырып отырған өзі мен әпкесі Айгүл Байқадамованың тынымсыз еңбегін тілге тиек етіп, жас зерттеушілердің де егер бел шешіп кіріссе биікті бағындырасыңдар деп рухатандырып өтті.

Алуа Байқадамова жас зерттеушілермен кездесті

Байқадамов Қаралдин сол уақыттағы қызылдар мен ақтардың арасындағы екі жақты келіссөзге келістіріп жүрген интеллигент қайраткер болған. Кейіннен 1930 жылдарға қарай «халық жауы» атанып өлім жазасына кесіліп кеткен екен. Сонымен қатар, олардың отбасын әкесінен бастап барлық бауырларын әртүрлі фамилиямен балалар үйіне таратып 1928 жылы қуғын-сүргіннен құтқарып қалған Қаралдинның жақтасы болған Әліби Жангелдин туралы сырларымен бөлісті. Әліби Жангелдин тек оларды құтқарып қана қоймай, КСРО орталық атқару комитетінен Байқадамов Қаралдиннің балалары тегіс жоғары білім алуы туралы қаулы шығартып, қиын қыстау сәттерде көмектескенін, соның демеуімен барлығы маман болып шыққанын үлкен құрметпен айтып берді.

Алуа Байқадамова жас зерттеушілермен кездесті

Жас зерттеушілерді ынталандыру мақсатында осы Әліби Жангелдиннің төрт ұлының ішінде екі ұлы соғыс жылдарында із-түссіз жоғалғаны туралы айтылып келген. Музейдің басшысы болып келген күннен бастап Темірлан Жангелдинді қалай іздегенін, оның мүрдесін тауып, барлық құжаттары мен атақ-даңқын қалай қайта қалпына келтіргенін үлгі ретінде баяндап берді. Сонымен қатар, Алуа Бақытжанқызы табылған құжаттардың көшірмелерін жас зерттеушілердің қолына беріп, Ұлы Отан соғысы жылдарында хабарсыз кеткен ата-бабаларын іздестурідің көздері мен әдістерін тізбектеп шықты.

Алуа Байқадамова жас зерттеушілермен кездесті

Кездесу барысында оқушылардың тәлімгерлері болып келген Қарсақбаев атындағы №41 мектептің тарих пәнінің мұғалімдері Л.Әбдилдинова және Қ.Жұмағалиева өздерінің Ұлы Отан соғысына қатысқан аталарының құжаттарын Архивке немесе Музейге тапсыруға ниет білдірді.

Алуа Байқадамова жас зерттеушілермен кездесті

Архивтің Оқу-әдістемелік орталығының басшысы М.Т. Жылгелдинов байқаудың қатысушылары өздерінің ата-тектерін іздестіру барысында олардың аты-жөндерінің әртүрлі жазылып кетуі мүмкін екендігін ескертіп, жас зерттеушілердің өз уақыттарын үнемдеп, қырағылық танытып еңбектенулеріне шақырды.

«Менің отбасымның тарихы архив құжаттарында» байқауы оқушылардың ғылыми жобаларды дайындауда тәжірибесі мен құзыреттілігін арттыруға мүмкіндік береді және мұндай кездесулер олардың ой-өрісін кеңейтіп, жаңа ізденістер мен идеяларға шабыттандыратынына сенімдіміз.

Өзгелердің жаңалығы