Altynsarin institute делегациясы Татарстандағы НМПУ-ге барды

14 Желтоқсан 2023, 23:40
443
Бөлісу:
Altynsarin institute делегациясы Татарстандағы НМПУ-ге барды
Фото: baq.kz

Желтоқсан айының басында Altynsarin institute басшылығының өкілдері Татарстанға жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқу орнының басқарма төрағасы-ректор Ержан Әмірбекұлы, педагогика және филология факультетінің деканы Айбек Қалиев, тарих және өнер факультетінің деканы Гүлбаршын Конкина, жаратылыстану және ақпараттандыру факультетінің деканы Әлібек Ескермесұлы және ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі Жанар Байсейітова Набережные Челны мемлекеттік педагогикалық университетінде болды.

Университет ректоры Альфинұр Ғалиакберовамен кездесу барысында университеттер арасындағы ынтымақтастықтың әлеуетті бағыттары талқыланды.

НМПУ ректоры қонақтарға ғылыми-білім беру кластері аясында қазақстандық әріптестер арасында сұранысқа ие бола алатын университеттің мүмкіндіктері туралы айтып берді.

Өзгелердің жаңалығы