Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өзінің екінші күйеуін көрсетіп, елдің аузынан түспей жүрген Алтынай Жорабаева Түркиядан пәтер алып жатқанын айтты. Бұл туралы ол INSTAGRAM-дағы парақшасында мәлімдеді.
Желі қолданушыларының кейбірі қуанышты жаңалыққа қуанып жатса, көпшілігі алаңдаушылық білдірді.
"Бір-бірінен қалмауы керек", "Елімізде де осындай үйлер бар ғой", - деп шуласты олар.
Өйткені соңғы кезде танымал адамдардың Түркиядан пәтер алуы жиілеген. Қарақат Әбілдина да Түркиядан үй алғанын айтып, сүйіншілеген болатын.