Президент Әбдіжәміл Нұрпейісовке "Алтын жұлдыз" белгісін табыстады

30 Қазан 2019, 11:38
2355
Бөлісу:
Президент Әбдіжәміл Нұрпейісовке "Алтын жұлдыз" белгісін табыстады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдіжәміл Нұрпейісовті қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісовті қабылдап, "Қазақстанның Еңбек Ері" атағының "Алтын жұлдыз" айрықша ерекшелік белгісін табыстады.

Қазақстан президенті көрнекті жазушының ұлттық әдебиетіміздің әлемдік деңгейге көтерілуіне қосқан елеулі үлесіне тоқталып, қазақ әдебиетінің абызын 95 жылдық мерейтойы қарсаңында еліміздегі жоғары наградамен марапаттағанын атап өтті.

"Сіз халқымызға керексіз. Сондықтан сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, шығармашылық табыс, бақ-береке тілеймін", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

жж.jpg

Әбдіжәміл Нұрпейісов мемлекет басшысына алғыс айтып, Тәуелсіз Қазақстанды өркендету жолындағы жұмысына табыс тіледі.


Өзгелердің жаңалығы