Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елімізде кәсіпкер қыз-келіншектерді қолдау мақсатында мұндай конкурс екінші рет өткелі отыр.
Бұл конкурс өткен жылы алғаш рет өткен болатын.
Бүгін еліміз бойынша "Алтын оймақ" дизайнерлер конкурсы бастағанын хабарлағым келеді. Былтыр өткен конкурс биыл жалғасып отыр.
Қазақстанның барлық дизайнері, өзіне сенетін барлық жан, өз бизнесін дамытқысы келетін және түрлендіргісі келетін барша жанды осы конкурсқа қатысуға шақырамыз, - деді "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқасының жанындағы Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Ләззат Рамазанова ОКҚ брифинг барысында.
Конкурстың мақсаты - отандық дизайнерлерге және ісін енді бастаған жаңа кәсіпкерлерге қолдау көрсету.
Байқауға Қазақстан Республикасының кез келген мүдделі азаматы қатыса алады. Жұмысты байқаудың ережелеріне сәйкес жіберу керек. Бұл туралы толық мәліметті www.fundwomen.kz сайтынан алуға болады.
Айта кетейік, ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында "Бизнестегі іскер ханымдардың табыс кілті: Жобалар, бастамалар және алдағы жоспар" тақырыбына арналған баспасөз конференциясы өтті.