Ұлттық кітапханаға Алтын Орда хандарының хаттары қойылды

26 Ақпан 2020, 10:45
5481
Бөлісу:
Ұлттық кітапханаға Алтын Орда хандарының хаттары қойылды
PHOTO
Фото: автордан

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Ұлттық кітапханасында Алтын Орданың 750 жылдығына арналған "Алтын Орда мемлекеті – Ұлы дала өркениеті" атты дөңгелек үстел өтіп жатыр. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы өзінің Қазақстан халқына жолдауында және "Ұлытау - 2019" халықаралық туристік форумында Алтын орданың 750 жылдығын мерекелеу аясында бірқатар жұмыс жасау керектігін атап өткен еді. Туризмді дамытуға айрықша мән беріледі. 

WhatsApp Image 2020-02-26 at 10.50.52.jpeg

Ұйымдастырушылардың айтуынша, дөңгелек үстелдің мақсаты - өскелең ұрпаққа ата-бабамыздан мұра болып қалған ұлы даламызда орын алған тарихи оқиғалар мен Қазақ даласында осыдан сегіз ғасыр бұрын құрылған алып империя Алтын Орда мемлекетінің тарихын дәріптеп, таныстыру.     

WhatsApp Image 2020-02-26 at 10.52.46.jpeg      

Шара аясында ҚР Ұлттық кітапхана қорынан "Алтын Орда мемлекеті – Ұлы дала өркениеті" атты тұрақты кітап көрмесі ұйымдастырылған. Кітап көрмесі “Алтын орданың құрылуы”, “Алтын орда туралы тарихи-ғылыми кітаптар",  “Алтын орда хандары", “Алтын орда кезіндегі қалалар”, “Алтын орда дәуіріндегі әдебиеттер",  "Алтын орда туралы әдебиеттер"тақырыбындағы алты бөлімнен тұрады. 

WhatsApp Image 2020-02-26 at 10.51.20.jpeg

Көрмедегі ең көне кітап В. Бартольдтің зерттеу еңбегі, Марко Полоның Қарақорымға барғаны туралы еңбектері қойылды. Мұхаммед Хайдар Дулатидің, Құрбанғали Халидтің Шыңғыс әулеті туралы жазып қалдырған еңбектері қойылды. Сондай-ақ, Бату ханнан бастап Берке, Өзбек хан, Тоқтамысқа дейінгі кітаптар қойылды. Алтын Орда тұсындағы қалалар туралы да кітаптар бар, мәселен Сарайшық,  Сауран, Сарай Бату, Сарай Берке сияқты археологиялық зерттеу жұмыстары қойылды, - дейді кітапхана маманы Ықылас Шалғынбай. 
WhatsApp Image 2020-02-26 at 10.51.14.jpeg
Сондай-ақ, көрмеге “Мәдени мұра” бағдарламасы аясында шетелдегі кітапханалардан жеткізілген Алтын Орда хандарының хаттары да қойылған. 

Шараға белгілі қоғам қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдері, тарихшылар мен ақын жазушылар қатысып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы