«Алтын Орда» базарында адам өлтірген тонаушы ұсталды

9 Шілде 2022, 16:48
2847
Бөлісу:
«Алтын Орда» базарында адам өлтірген тонаушы ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Полицейлер 28 жастағы Жамбыл облысының тұрғынын ұстады. Ол жанжалдан кейін қашып кетіп, көрші ауданда жасырынып жүрген.

Қазір күдікті Қарасай аудандық полиция басқармасының уақытша ұстау абақтысына қамауға алынды. Оған ҚР ҚК 192-бабы 3-бөлігі 1-тармағымен (абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан, денсаулыққа ауыр зиян келтіре отырып жасалған қарақшылық) тергеу жүргізіліп жатыр, — деді Алматы облыстық ПД бастығының орынбасары Елдар Әбдікенов.

Бұдан бұрын желіде Алматының "Алтын Орда" базарында екі жігіттің арасында болған жанжалдың видеосы тараған еді. Кадрдан жігіттердің бірі екіншісін жібермей, ұялы телефонды қайтаруын сұрап жатқанын аңғаруға болады. Алайда күдікті қарсыласына екі рет жұдырық жұмсап, оқиға орнынан кетіп қалады. Сол төбелестен кейін комаға түскен 23 жастағы жігіт ауруханада қайтыс болды. Марқұмның артында жүкті әйелі қалды.

Өзгелердің жаңалығы