Алтын өндіру фабрикасында бір жұмысшы қаза тапты

13 Маусым 2022, 16:28
1196
Бөлісу:
Алтын өндіру фабрикасында бір жұмысшы қаза тапты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысында алтын өндіретін фабриканың жұмысшысы қаза тапты. Оқиға өткен түнде Зеренді ауданының аумағындағы өндіріс ошақтарының бірінде болған, деп хабарлады Egemen.kz.

Қазір келіп түскен мәлімет бойынша 1974 жылы туған ер адамның үстіне салмағы 1 тоннаға жуық қап құлаған. Ауыр жарақат алған жұмысшы оқиға орнында көз жұмды. Бұл осы алтын өндіру фабрикасында болған алғашқы оқыс оқиға емес. Фабрикада бұған дейін де бірнеше адам өндірістік жарақат алып, мерт болған еді.

Анықталған ақпарат бойынша Көкшетау қаласының тұрғыны Алтаев Өмірбек Амантайұлы цехта үлкен қаптың астында қалған. Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 156-бабы бойынша Ішкі істер органдарында тіркелді. Ол алған жарақаттарынан сол жерде көз жұмған. Қазір жедел-тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, - деді Зеренді ауданы әкімінің орынбасары Әсет Құрманғожин.

Өзгелердің жаңалығы