«Алтын Гефест» ұлттық байқауына өтініш қабылданып жатыр

31 Наурыз 2023, 14:14
804
Бөлісу:
«Алтын Гефест» ұлттық байқауына өтініш қабылданып жатыр
Фото: Егемен Қазақстан

 «АЛТЫН ГЕФЕСТ» – Қазақстан Республикасының тау-кен және металлургия ісінде үздіктерді анықтайтын жыл сайынғы ұлттық премия, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ҚР ИИДМ баспасөз қызметері деректеріне сәйкес, жыл сайын геология, тау-кен ісі және металлургия саласында дағдыланған үздік мамандарға, оқу орындары мен кәсіпорындардың қызметкерлеріне, сондай-ақ елімізде аталған сала туралы танымдық материал дайындайтын журналисттерге индустрияны дамытуға қосқан үлесі үшін арнайы марапаттар табысталады. 

Осы ретте сіздерді «Алтын Гефест-2023» байқауына қатысуға шақырамыз! «АЛТЫН ГЕФЕСТ» – Қазақстан Республикасының тау-кен және металлургия ісінде үздіктерді анықтайтын жыл сайынғы ұлттық премия. Сізге абырой алып келетін жобалар мен жетістіктер туралы бөлісуді ұмытпаңыз. Индустрия өз каһармандарын білуі тиіс!, - делінген министрлік таратқан хабарламада.

Өтінімдер 2023 жылдың 23 қаңтар мен 12 мамырға дейінгі аралықта қабылданады. 2023 жылдың 15-21 мамыр аралығында Қазылар алқасы дауыс береді. 2023 жылғы 2 маусымда жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтеді. 

Өзгелердің жаңалығы