Экология министрі «Алтын Емелде» көзге түскен барыстың видеосын жариялады

28 Қыркүйек 2020, 17:14
1920
Бөлісу:
Экология министрі «Алтын Емелде» көзге түскен барыстың видеосын жариялады
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев «Алтын Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде алғаш рет көзге түскен қар барысының фото, видеоларымен бөлісті. 

Жақсы жаңалықпен бөліскім келіп отыр. «Алтын Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде алғаш рет қар барысы байқалды. Жануар фототұзақ объективіне ілінген, - деп жазды министр Twitter-дегі парақшасында. 
Орта Азияда сирек кездесетін сүтқоректі көктемде «Сайрам Өгем» ұлттық паркінде де көрініп еді. 

Министрдің сөзінше, жойылып кету алдында тұрған сұлу жануардың саны әлемде бар болғаны 4 мыңдай ғана. Қазақстан аумағында 120-130 бас қар барысы бар. БҰҰДБ Қазақстанның ерекше қорғалатын 13 аймағына 294 фототұзақ орнатқан. 

Барыстың көзге түсуі - ерекше құбылыс. Біз сирек кездесетін жануарларды барынша қорғауымыз керек. Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі бұл үшін бірқатар шараны қабылдап, жүзеге асырмақ, - деп жазды Мағзұм Мырзағалиев.
Өзгелердің жаңалығы