Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Алтын-Емел ұлттық паркінде қар барысы тіркелді

25 Ақпан 2025, 18:51
637
Бөлісу:
 Видеодан скрин
Фото: Видеодан скрин

Ғылыми-зерттеу жұмыстары барысында "Алтын-Емел" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімінің қызметкерлері суаттарда фототұзақтар орнатты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Нәтижесінде Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енген қар барысының (Panthera uncia) бірегей кадрларын алуға мүмкіндік туды.

Қар барысының болуы жабайы табиғатты сақтауға қолайлы жағдайлардың бар екенін және парктің жүргізіп жатқан табиғатты қорғау шараларының тиімділігін растайды.

Бақылау жұмыстары қоршаған ортаны қорғауға арналған мемлекеттік бағдарлама аясында жалғасуда.

Өзгелердің жаңалығы