"Алтын 30 жылдық": Сарапшылар қазақ-қытай қатынасын талқылады

17 Мамыр 2024, 14:03
2072
Бөлісу:
"Алтын 30 жылдық": Сарапшылар қазақ-қытай қатынасын талқылады
Фото: - архив

Елордада "Қытай мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың бастауларына қайта оралу – бір Қытай принципін ұстану" тақырыбында дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Іс-шараны “Қытай университеттері түлектерінің достығы” қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды.

Отырыста сарапшылар екі ел арасындағы дипломатиялық және достық байланыстыр тақырыбында ойларын ортаға салды.

Қытайдың Қазақстандағы елшілігінің кеңесші-елшісі Син Фанфан қазақ-қытай қатынасы қарқынды дамып жатқанын сөз етті.

"Алтын 30 жылдық": Сарапшылар қазақ-қытай қатынасын талқылады

Фото: Гүлжан Раманқұлова 

Қытай мен Қазақстан арасында дипломатиялық қарым-қатынастар орнаған 30 жылдан астам уақыт ішінде екі ел де барлық сын-қатерге қарсы ынтымақтастықтың үздіксіз қарқынын сақтап қалды. Біздің елдеріміз тату көршілік достықтан стратегиялық әріптестікке, одан кейін мәңгілік жан-жақты стратегиялық әріптестікке қуатты көшті жасап, екіжақты қарым-қатынаста бірегей ұстанымға қол жеткізді. Екі ел арасындағы алмасу тарихтағы ең жоғары деңгейде, - деп атап өтті дипломат.

Син Фанфан ханым атап өткендей, Қытай мен Қазақстан саяси қауіпсіздікті сақтауға үлкен мән береді, саяси өзара сенімді тереңдетуді және егемендік, қауіпсіздік және аумақтық тұтастық сияқты негізгі мүдделерді қозғайтын мәселелер бойынша өзара қолдауды арттыруды жалғастырады.

Ол өз сөзінде Қазақстан үнемі "бір Қытай" қағидатын қолдап келе жатқанын жеткізді.

Қытай мен Қазақстанның даму стратегияларын, өзара саяси сенім мен өзара қолдауды байланыстыратын жаңа жолда біз әрқашан өзара сыйластықты, тату көршілікті ұстанамыз, бір бағытта әрекет етеміз, өзара тиімді боламыз деп ойлаймын. Қазіргі жағдайда сыртқы араласуға бірлесе қарсы тұрып, ұлттық дамуды ілгерілету жолында бірлесіп жұмыс істеу арқылы Қытай мен Қазақстан қарым-қатынастары алдағы "алтын 30 жылда" жаңа деңгейге көтерілетіні сөзсіз. Мәңгілік жан-жақты стратегиялық әріптес ретінде Қытай екі халықтың әл-ауқатын бірлесіп жақсартуға және Қазақстанмен тағдырлас ортақ қоғам құруға бар күш-жігерін салуға дайын, - деп айтты Қытай елшілігінің өкілі дөңгелек үстелде.

Сондай-ақ "Қытай университеттері түлектерінің достығы" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жамиля Елеусізова ең елдің достығы жайлы айтты.

Қазақстан тарапы "бір Қытай" қағидатын табанды түрде қолдайтынын және Қытай Халық Республикасының үкіметі бүкіл Қытайды білдіретін жалғыз заңды үкімет, ал Тайвань Қытай аумағының ажырамас бөлігі болып табылатынын растайтынын атап өткім келеді. Қазақстан әрқашан кез келген нысанда "Тайвань тәуелсіздігіне" қарсы тұрады, Тайваньмен ешқандай нысанда ресми байланыс орнатпайтынын растайды және ҚХР үкіметінің Қытайды бейбіт жолмен біріктіруді жүзеге асыруға бағытталған барлық күш-жігерін қолдайды. Бұл екі елдің достық ұғымын ұрпақтан-ұрпаққа насихаттап келе жатқанын тағы бір дәлелдейді, - деді қытайтанушы.

Елеусізова алдағы 30 жылда Қытай-Қазақстан ынтымақтастығы "Бір белдеу, бір жол" құрылысына үлгі болатынына және жаңа "алтын 30 жылдығы" бұдан да жақынырақ нәтижелерге әкелетініне сенім білдірді. Ол атап өткендей, 2024 жыл Қытайда Қазақстанның туризм жылы болып жарияланды, бұл мәдени алмасуды арттырады. Ал екі халықтың достығы аймақтардағы және бүкіл әлемдегі бейбітшілік пен тұрақтылыққа маңызды үлес қосады.

Қытайды зерттеу орталығының директоры Гүлнар Шаймергенова да Қазақстан мен Қытай арасындағы ұзақ жылдар бойы қалыптасқан дипломатиялық қарым-қатынастар тату көршілік достыққа, өзара сыйластыққа, заман талабына сай және өзара тиімді ынтымақтастыққа негізделген мемлекетаралық қатынастардың үлгісін қалыптастырғанын айтты.

"Алтын 30 жылдық": Сарапшылар қазақ-қытай қатынасын талқылады

Фото: Гүлжан Раманқұлова 

Біздің стратегиялық серіктестігіміз күрделі геосаяси сынақтарға қарамастан екі елдің тиімді ынтымақтастығы мен бір-бірін қолдайтынының жарқын мысалы. Қорытындылай келе, Қазақстанның Қытаймен қарым-қатынасын одан әрі нығайтуға, аумақтық тұтастық пен халықаралық құқық қағидаттарын қолдауға, барлық салада өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға ниетті екенін атап өткім келеді. Біздің ортақ күш-жігеріміз елдеріміздің өркендеуі мен тұрақтылығына ықпал етіп, басқа елдерге үлгі болатынына сенімдіміз, - деді ол.

Тарих ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Шығыстану кафедрасының профессоры Бибихадиша Абжаппарова да тақырып аясында пікірін айтты.

Отыз екі жылдан астам дипломатиялық қарым-қатынастар барысында Қытай-Қазақстан қарым-қатынасы қарқынды дамып келеді. Осылайша мәңгілік жан-жақты стратегиялық әріптестік ретінде тарихтағы ең жоғары деңгейге жетті. Син Цзинпин ұсынысымен "Адамзаттың біртұтас тағдыры қауымдастығының тұжырымдамасы" ұсынылғанда Қазақстан тарапынан оң жауап пен берік қолдау көрсетті, - деді сарапшы.

"Алтын 30 жылдық": Сарапшылар қазақ-қытай қатынасын талқылады

Фото: Гүлжан Раманқұлова 

Бибихадиша Абжаппарова атап өткендей, 2024 жылы Қытай Халық Республикасының құрылғанына 75 жыл толады.

Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы арасындағы дипломатиялық байланыс "стратегиялық әріптестік" деңгейіне көтерілді. Қазақстан Қытайдың негізгі мүдделерін құрметтеуге, әртүрлі салалардағы практикалық ынтымақтастықты тереңдетуге, Қытай-Қазақстан біртұтас тағдыр қауымдастығын құру бойынша бірлесіп жұмыс істеуге, реттелген әлемдік көпполярлылық пен инклюзивті экономикалық жаһандануға жәрдемдесуге, сондай-ақ мемлекет басшыларының дипломатиясына жаңа үлес қосуға дайын бейбітшілік, қауіпсіздік, өркендеу және бүкіл әлемдегі прогресс бойынша жұмыс істеуге дайын деп ойлаймыз, - деді ол.

Былтыр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың CCTV телеарнасына берген сұхбатында территориялық тұтастықты сақтауға қатысты пікірін айтқан болатын.

Жалпы, бүкіл әлем мына мәселені анық түсінуі керек деп санаймыз. Екі Қытай болмауы керек. Тайвань – Қытайдың бір бөлігі. Демек, БҰҰ Жарғысында бекітілген барлық мемлекеттің аумақтық тұтастығы туралы қағидат мүлтіксіз сақталуға тиіс. Бұл қағидат Шанхай ынтымақтастық ұйымының Жарғысы мен декларациясына да енгізілді. Сондықтан тағы да қайталап айтамын, біз үшін Тайвань – Қытайдың бір бөлігі. Бұл анық. Оған ешқандай шүбә келтірмейміз, - деген болатын Президент Тоқаев.

Өзгелердің жаңалығы