Алты оқушы еуропалық олимпиадада ел намысын қорғайды

28 Маусым 2024, 12:44
358
Бөлісу:
Алты оқушы еуропалық олимпиадада ел намысын қорғайды
Фото: Оқу-ағарту министрлігінің ресми Telegram-каналы

EGeO географиядан Еуропалық олимпиадада ел намысын алты қазақстандық оқушы қорғайды, деп хабарлайды BAQ.KZ Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

28 маусым – 4 шілде аралығында Сербияның Белград қаласында оқушылар арасындағы халықаралық ең ауқымды олимпиадалардың бірі - EGeO өтеді.

Қазақстанның ұлттық құрамасына олимпиадалық резервтің алты мүшесі енді: 

Ақжол Болат — Талдықорған қаласындағы ФМБ НЗМ 11-сынып оқушысы; 

Арсен Сыдықов — Шымкент қаласындағы ХББ НЗМ 11-сынып оқушысы; 

Қанат Серікбай — Шымкент қаласындағы ХББ НЗМ 11-сынып оқушысы; 

Жомарт Сабыр — Жамбыл облысындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы; 

Андрей Енбахтов — Қостанай ФМБ НЗМ 9-сынып оқушысы; 

Амир Дарынов — Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицейінің 9-сынып оқушысы. 

Айта кетейік, географиядан Еуропалық олимпиада EGeO 2015 жылдан бері өткізіліп келеді. Өткен жылы еліміздің жас географтары 6 медаль жеңіп алды.

Өзгелердің жаңалығы