Синоптиктер Қазақстанның алты өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында нөсер жаңбыр жауады.
Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде тұман түседі.
Ақтөбе облысының солтүстігі, шығысы, орталығы тұманды болады.
Ақмола облысының батысында тұман. Батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады.
Қостанай облысының батысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с болады.