Алтай Көлгінов ескірген үйлердің тұрғындарымен кездесті

5 Ақпан 2022, 19:11
1455
Бөлісу:
Алтай Көлгінов ескірген үйлердің тұрғындарымен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында тозығы жеткен ескі үйлердің тұрғындарымен кездескенін мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Қала тұрғындарының баспана жағдайын жақсарту үшін әлеуметтік пәтерлер салу, қолжетімді жеңілдікпен берілетін тұрғын үй бағдарламаларын жүзеге асыру, тұрғын үй кешендерін жөндеу, құрылысы ұзаққа созылған нысандарды аяқтау бойынша ауқымды жұмыс атқарылып жатыр. Тозығы жеткен апатты үйлерді сүру бойынша да жұмыс жүргізілуде. Үйлер ескіріп, тозығы жеткендіктен шатырынан су кетіп, іргетасы құлағалы тұрады. Сол себепті электр, кәріз жүйелерінде үнемі проблемалар туындап тұрады. Құрылыс жылын ескерер болсақ, ішінде пеші, ал дәретханасы сыртында орналасқан көппәтерлі үйлер де бар, – деді қала әкімі.

Биыл апатты жағдайдағы үйлерден 300-ден астам отбасын көшіруді жоспарланып отыр. 

Алтай Көлгінов ескірген үйлердің тұрғындарымен кездесті

Бүгін тозығы жетіп ескірген екі үйдің тұрғындарымен кездестім. Алғашқысы – Дүкенұлы, 21 (Сарыарқа ауданы) мекенжайында орналасқан бес қабатты жатақхана тұрғындары. Осыдан бір жыл бұрын осы үйдің тұрғындарымен кездесіп, проблемалардың бәрін бірлесіп талқыладық. Үй толығымен сүрілетін болды. Бұл мәселе мәслихатта қолдау тауып, осы жылға арналған сүру жоспарына енгізілді, – деп жазды Көлгінов.

Сондай-ақ ол Угольная көшесі, 12а (қазіргі Әл Фараби даңғылы, 27, Байқоңыр ауданы) мекенжайында орналасқан апатты үйдің тұрғындарымен кездесті. 

Алтай Көлгінов ескірген үйлердің тұрғындарымен кездесті

Бұл үйдің 75%-ы тозған. Үй апатты деп танылды, ол да тізімге енгізілген. Тұрғындар құжаттардың бәрін ретке келтіруі қажет. Әр пәтер бойынша сұрақтар қаралады. Соңғы 3 жылда апатты үйлерден 700-ге жуық отбасы көшірілді. Сондай-ақ, тұрғын үй кешенін жөндеу, лифтілерді ауыстыру, құрылысы ұзаққа созылған үйлерді аяқтау бойынша жұмыстар жүргіземіз. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жеңілдікпен берілетін қолжетімді тұрғын үй құрылысының көлемі айтарлықтай ұлғайды, – деп жазды елорда әкімі.

Өзгелердің жаңалығы