Алтай Көлгінов Абай облысындағы медициналық-әлеуметтік нысандарды аралады

26 Ақпан 2023, 13:21
1127
Бөлісу:
Алтай Көлгінов Абай облысындағы медициналық-әлеуметтік нысандарды аралады
PHOTO
Фото: Primeminister.kz

Премьер-Министрдің орынбасары Алтай Көлгінов Абай облысына жасаған сапары барысында өңірдегі медициналық-әлеуметтік нысандарды аралап, «Ауыл аманаты» жобасының әлеуетті қатысушыларымен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ Primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

Облысқа сапар Семей қаласындағы Ядролық медицина және онкология орталығынан басталды. Орталық радиофармацевтикалық препараттарды өндіруден бастап радионуклидті диагностика мен терапияға дейінгі толық циклді қамтиды.

Алтай Көлгінов Абай облысындағы медициналық-әлеуметтік нысандарды аралады

Бұл Қазақстандағы алғашқы радионуклидті терапия бөлімі.  Радиофармацевтикалық препараттарды қолдану пациенттерге шетелге шықпай-ақ, ел ішінде емделуге мүмкіндік берді. Бұл ретте орталыққа заманауи мамандандырылған технологиялық жабдықтарды орналастыру, сондай-ақ материалдық-техникалық базаны жаңарту үшін жаңа хирургиялық корпус қажет. Бұл мәселе Денсаулық сақтау министрлігінің жұмыс жоспарына енгізілген.

Алтай Көлгінов Абай облысындағы медициналық-әлеуметтік нысандарды аралады

Вице-премьер Мемлекет басшысының тапсырмасымен салынған 150 орындық мүгедектерді оңалту орталығымен танысты. Мекемеде оңалтуды қажет ететін мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасалған.

Алтай Көлгінов Абай облысындағы медициналық-әлеуметтік нысандарды аралады

Өңірді дамытудың кешенді жоспарына сәйкес Семей және Аягөз қалаларында тағы екі оңалту орталығының құрылысы күтілуде.  Сондай-ақ, екі емхана, көпсалалы балалар ауруханасы, «Жайлы мектеп» бағдарламасы бойынша екі ауысымда оқитын 10 мыңнан астам оқушыға арналған 11 мектеп құрылысы.

Алтай Көлгінов Абай облысындағы медициналық-әлеуметтік нысандарды аралады

Сонымен қатар, «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғыртудың 2023-2024 жылдарға арналған» ұлттық пилоттық жобасы аясында Абай облысында 65 денсаулық сақтау нысанын салу жоспарлануда.
Жұмыс сапары барысында Алтац Көлгінов «Ауыл аманаты» жобасының әлеуетті қатысушыларымен кездесті.  Жоба ел Президенті бекіткен 2025 жылға дейін халықтың табысын арттыру бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда.

Алтай Көлгінов Абай облысындағы медициналық-әлеуметтік нысандарды аралады

«Ауыл аманаты» ауқымды бағдарламасы ауыл тұрғындары үшін игі бастама. Өңірдің аграрлық әлеуетін ескерсек, ауыл тұрғындарының сұранысқа ие өнім өндіріп, жеке кәсібін дамытуға толық мүмкіндігі бар, - деді А.Көлгінов.

Алтай Көлгінов Абай облысындағы медициналық-әлеуметтік нысандарды аралады

Премьер-министр орынбасарының облысқа сапары күрделі жөндеуді және жаңғыртуды қажет ететін сол жағалаудағы жедел жәрдем қосалқы станциясын аралаумен, сондай-ақ Әуезов атындағы педагогикалық колледждегі оқытушылардың дайындық барысымен танысумен аяқталды.

Өзгелердің жаңалығы