Алтай Көлгінов қолжетімді тұрғын үй құрылысымен танысты

5 Тамыз 2020, 11:27
1222
Бөлісу:
Алтай Көлгінов қолжетімді тұрғын үй құрылысымен танысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес биыл қолжетімді тұрғын үй құрылыс көлемі едәуір артады, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Алматы ауданында (А102, А105, А108, А129, А130 көшелерінің қиылысы) қолжетімді кредиттік тұрғын үй құрылысы жүргізіліп жатыр. Мұнда 1900-ге жуық пәтер салынады, - деп хабарлады Нұр-Сұлтан әкімі өзінің Инстаграмдағы парақшасында.
Ауданда жаңа мектеп пен балабақша болады.
Кезекте тұрған қала тұрғындары мен тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшылары үшін әлеуметтік тұрғын үй салып жатырмыз. Келесі жылдарға дайындық жұмысы басталды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес биыл қолжетімді тұрғын үй құрылыс көлемін едәуір арттырамыз, - деді Алтай Көлгінов.

Өзгелердің жаңалығы