Алтай ауданының тұрғынынан заңсыз сақталған қару-жарақ пен оқ-дәрілерді тәркіледі

18 Мамыр 2023, 14:22
925
Бөлісу:
Алтай ауданының тұрғынынан заңсыз сақталған қару-жарақ пен оқ-дәрілерді тәркіледі
PHOTO
Фото: Polisia.kz

15 мамыр күні Серебрянск қаласында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде тіркелмеген қаруды сақтау фактісі анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сілтеме жасап.

Қала тұрғындарының бірінен оның жеке секторы аумағында полицейлер тіркелмеген бес тегіс ұңғылы мылтықты, ұсақ калибрлі мылтықтың ұңғысын, үш аңшылық пышақты, сондай-ақ 50-ден астам патронды тәркіледі.

ШҚО ПД баспасөз қызметі қазіргі уақытта полицейлер тіркелмеген қарудың қайдан шыққанын анықтап жатқаны туралы түсініктеме берді. Баллистикалық сараптамалар тағайындалды.

Алтай ауданының тұрғынынан заңсыз сақталған қару-жарақ пен оқ-дәрілерді тәркіледі

Сондай-ақ өңірде “Қаруды тапсыр” науқаны өтіп жатқанын, оның аясында заңсыз сақталған қару-жарақ заттарын өз еркімен тапсырған азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауаптылықтан босатылатынын атап өтті.

Қару мен оқ-дәрілерді ерікті түрде тапсырғаны үшін қарудың әрбір бірлігі оның техникалық күйін ескере отырып республикалық бюджеттен 10-нан 100 АЕК-ке дейінгі төлем көзделеді.

Қаруды тапсыру үшін кез-келген полиция бөліміне хабарласыңыз немесе “102” нөміріне қоңырау шалыңыз.

Өзгелердің жаңалығы